5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет192/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар өткен сабақтар арқылы үйсін және 
қаңлы тайпалары мемлекетінің құрылу тарихымен, 
қоғамдық құрылысымен терең таныса отырып, мә-
дени саладағы жетістіктерін қарастыратын болады. 
Бүгінгі сабақтағы ақпарат арқылы тайпалардың өрке-
ниетке қосқан үлесі, олардың мәдени ескерткіштерін-
дегі өзара ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды. 
Оқушыларды оқу мақсатымен таныстырыңыз. Тақы-
рыпқа кіріспес бұрын «Мәдениет деген не? Мәде-
ниет элементтерін атаңдар» деген сұрақтар аясында 
талқылау жүргізіңіз. Сыныпқа Қарғалы тәтісінің және 
т.б. суреттерді көрсетіңіз. Тиісті сұрақтарды оқушы-
ларға қойып, талқылау жасауға болады. Суреттер: 
қыш ыдыстар, алтын тәті, шөккен түйе бейнелі жүзік, 
қола қазандар, темір пышақ пен жебенің ұштары, 
қола айна, құмыра, әшекейлер, қыш ыдыстар, мон-
шақтар және т.б. Суреттер мүмкіндігінше түрлі түсті 
болғаны дұрыс. Оқушылар осыншама күрделі де, 
әсем туындыны темір дәуірінде үйсін зергерлері жа-
сағандығына көз жеткізеді.
Салыстырыңдар
Оқушылар, алдымен, «Металл өндіру орталығы» 
деген мәтінді оқиды. Мәтін оқылғаннан кейін «жуан» 
және «жінішке» сұрақтарды құрастырады. Оқушы-
ларға сұрақтардың бұл түрін қалай құру қажет екен-
дігін түсіндіріп кеткеніңіз жөн. «Жіңішке» сұрақтар 
мәтінде бар және нақты мәліметтерге негізделген. 
«Жуан» сұрақтар – логикалық, мәтіннен тыс, бол-
жамға негізделген сұрақтар. Оқушы өз сұрақтарын 
дәптерлеріне жазып алады. Кейіннен осы сұрақтар-
ды бір-біріне қоюына және оқушылар мен мұғалім 
арасында да осы үдерісті жүргізуге болады. Сұрақ 


4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
119
құрастыру барысында қаңлы тайпаларының металл 
өндіру орталықтарының болғандығы, үйсіндерде 
зергерлік бұйымдардың жасалғандығы анықталады. 
Тапсырманы түрлендіруге болады: 
1. Екі «жуан», екі «жіңішке» сұрақтар құрастыру.
2. Айырмашылықтар мен ұқсастықтар негізінде 
Венн диаграммасын салу. Топтар алдында қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет