5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет237/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа арналған ескертпелер
Сабақтың концептісі – "дәлел". Сондықтан оқушы-
лар археологиялық жәдігерлер негізінде сарматтар-
дағы әлеуметтік теңсіздікті, өнерін сипаттап, дәлел-
дейді. 
Мәтіннен бұрын оқушыларға әлеуметтік теңсіздік 
туралы, оны обалардан қалай анықтауға болатынын 
қосымша түсіндіріп кетіңіз. 
Ойланыңдар
Оқушылар жеке 
"Сарматтардың ескерткіштері"
мәтінін оқиды. Сол ескерткіштердегі табылған бұй-
ымдарды ажырата отырып, әрбір аумақтың ерек-
шелігімен, неліктен өзен-көл жағасында ескерт-


6-тарау. 
Сарматтар
149
кіштердің көптеп шоғырлану себебін қарастырады. 
Өзен-көлдерде баспаналардың, тұрақтары орын 
алуына байланысты ескерткіштердің болуы да заң-
дылық екенін түсіндіруіңіз қажет.
Тапсырманы былайша түрлендіруге болады. 
Мәтін негізінде әрбір оқушы өзінде туындаған үш 
сұрақ құрастырады. Бұдан соң өзінің жұбын сар-
мат ескерткішін зерттеуші археолог ретінде елестете 
отырып, үш сұрақты қойып, сұхбат алады. Бұдан соң 
рөлдерімен ауысып, жұбының сұрақтарына архео-
лог ретінде жауап береді. 
Бұл тапсырмада оқушылар түрлі сұрақтар құрас- 
тыруы мүмкін. Сондықтан бір-бірінен сұхбат алу ба-
рысында оқушыларды сармат ескерткіштерінің түрлі 
аймақтарда орналасу ерекшеліктерінің себептеріне, 
Бәйте, Терең ескерткіштерінен табылған ғибадат-
ханалардың, олардың ерекшеліктері, әлеуметтік 
теңсіздіктің байқалуы мәселелеріне бағыттап оты-
рыңыз. 
Салыстырыңдар
Оқушылар мәтінмен таныса отырып, жұппен, 
соңында топпен үш оба ескерткішіне талдау жасай-
ды. Оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, Сын-
тас обасынан табылған жәдігерлерді біледі. 
Оқушылар жұппен Бесоба қорымынан табылған 
заттарды атайды. Аралтөбе обасынан табылған сар-
мат көсемінің "Алтын адам" деп аталу себебін түсін-
діреді. 
Сынтас, Бесоба, Аралтөбе қорымдарында әртүр-
лі әлеуметтік топ өкілдері жерленгенін анықтайды. 
Аралтөбе қорымына жерленген сармат көсеміне 
талдау жасап, дәлелдер келтіреді. Обаларды салыс- 
тырады.
Тапсырманың соңында оқушыларды үш топқа 
бөліңіз. Топтар Сынтас, Бесоба, Аралтөбе қорымда-
ры туралы қосымша мәліметтер жинай отырып, 10 
сөйлемнен тұратын "шын және жалған" фактілер не-
гізінде аралас әңгіме құрастырады. Бұдан соң топтар 
жаңа меңгерілген білім негізінде "шын және жалған" 
фактілерді анықтайды. 
Жауаптары. 
Аралтөбенің үшінші обасында жер-
ленген адамды сармат көсемі деп атау себебі ол 
ерекше құрметпен жерленген. Қазақстандық екін-
ші "Алтын адам" деп атау себебі – сармат көсемінің 
сырт киімі, шашбауы, қару-жарағы, қорамсағы, аса-
таяғындағы самұрық бейнесі алтынмен оқаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет