2 Орфографиялық нормалардың ерекше белгілері
Сөздердің жазылуынша айту әсіресе жастардың тілінде үйрекшікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп аңғаруға болмайды.
Бір қызығы, жаппай сауаттылыққа соңғы жарты ғасыр көлемінде ғана ие болған біздің тілімізде алғашқы кезде жазу нормаларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Ол заңды, арине. Ғасырлар бойы ауызша дамып келген тілдің айту нормалары ол кезде аса алаңдата қоймаса керек. Рас, мектеп, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарда алғашқы күннен –ақ үндестік заңдары арнайы айтылып келеді. Алайда орфография нормасы жайында арнайы тақырып , түсінік тек 60 жылдардан бергі жерде ған бой көрсете бастады. Соның өзінде жоғарғы оқу орнына арналған оқулықта бұл мәселе әлі күнге жабулы күйінде қалып келеді. әрине, қазақ орфографиясының негізгі үндестік заңдарында жатқанын, үндестік заңдарын меңгеру, айналып келгенде, орфография нормаларының қалыптасу мәселелерін меңгеру екенін түсіну қиын емес.
Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес , былай болуы әлде қайда қолайлы, әрі қонымды (мәселен, өлең деп жазу өлеңнен гөрі тиімді) екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Қысқасы, графика жеке дыбысты , әйтеуір жазуды қарастырса , орфография сөзді жазудағы графикалық мүмкіндіктердің таңдаулысын ғана алады.
Әлемдегі жазу жүйелерінің бірнеше ғасырлық даму жолынан өтті. Мәселен, орыс жазуының тарихы екі ғасырдан асады (осыған негізделген қазақ ғасырына жарты ғасыр туды). Алайда осындай ұзақ дамудан өтіп, жетілген деген жазулардың өзінде бірде бір тіл дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында толық сәйкестікке жете қойған жоқ.
Әріптердің қолданылуын орфография белгілейтін ерекше ережелер реттейді.
Орфография
1. жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе
2. біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге болады.
Осындай ережелер жүйесі:
1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру;
2. сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
3. сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;
4.бас әріпті пайдалану;
5. тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра
«дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады).
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.
Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі дыбыс - әріпке негізделген жазу жүйесінде дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен белгілеу орфографияның өзекті мәселесі болып табылады. Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне –көп басшылыққа алынатын принцип жетекші принцип немесе негізгі, басты принцип делінеді.
Қазіргі орфографияларда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін.
Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жаңғанда, түрде айтылатын сөз формаларға ортақ түбір –жан, сондықтан жан, жанбады, жанғанда деп жазылады. Ал жаз, жазшы, айтуда жаз, жасса, жашшы алайда түбір (жаз) сақталып қалады. Морфологиялық принципті фонематикалық принцип деп те атайды.
Мұнда бір фонеме әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен белгіленеді. Бұған жоғарғыдағы мысалдардан көз жеткізуге болады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонетикалық транскрипцияға жуықтайды.
Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлік пинцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін.
Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан. Хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну қажет. Қазақ тілінде 2,5 мын омоним сөз бар, 10-15 сөзді түрлендіріп жазу арқылы бұл мәселені мүмкін емес.
Сөз мәдениеті осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде орфографиялық норманы қалыптастыру мәселесін бағдарға алуы жұмыстың негізгі жаңалықтарының бірі болып табылады.
Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі объектісі, біріншіден, тілдік норма. Осыған сәйкес қазақ сөз мәдениеті де нормативті аспектіде аспектіде көбірек қарастырылды. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы (М.Балақаев) [3] норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы (Р.Сыздық, Н.Уәлиев) [4; 5]; орфографиялық норма (Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, А.Алдашева), орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері (Р.Сыздық), варианттылық пен норма (И.Ұйықбаев, С.Бизақов) т.б. жөніндегі зерттеулер тілдік норманың ортологиялық базасын кеңейте түсті.
Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде қарастырмай, орфографиялық норманы қалыптастыру аспектісінде зерттеу.
Орфографиялық тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым болса, ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету, орфографиялық тілдік және тілдік емес нормалардың түрлерін айқындай отырып, сөздің жазылуының сапасын анықтауда орфографиялық тілдік нормаға сүйену жеткіліксіз, тілдік емес нормаларды да ескеру, тілдік, тілдік емес нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді ауытқудың әсерімен ықпалын ашу зерттеудің нормативті аспектіге қатысты мәселелерін анықтау болып табылады.
Орфографиялық норма сауаттылығын қалыптастыру қазақ тіліне оқытудың маңызды міндеті болып табылады. Оның маңыздылығы мынаған негізделеді:
Орфографиялық норма сауаттылығы адамның жалпы тілдік мәдениетінің құрамдас бөлігі, ол жазу қарым – қатынасында өзара түсіністік пен ой білдіру нақтылығын қамтамасыз етеді.
Әдеби тілдің жазба түрі өзінің құрылымы бойынша ауызша түрінен ерекшеленеді. Жақсы дамыған тілдік дағдылар, қарым – қатынастың әр түрлі жағдайларындағы ауызша сөйлеудің нақтылығы мен сауаттылығы, сауатты жазу тұлғаның тәрбиелілігі мен білімділігінің белгісі, көп жағдайда адамның қоғамдық және кәсіби белсенділігін анықтайды. Дегенмен орфографиялық норманы меңгеру және оны қолдануды оқушылар үшін көптеген қиындықтарды туғызады, себебі ол өте көлемді мәселе болып табылады. Осы көлем шеңберінде қатысушылар орфограммаларды бөлуді, олардың танымдық белгілерін табуды және осыған байланысты белгілі бір орфографиялық ережелер мен нормаларды білуі қажет.
Бәрімізге белгілі, көптеген адамдар ережені біле тұра орфографиялық нормаларды практикада қолдана білмейді. Сондықтан да ғалымдар мен оқытушылар орфографиялық дағдылар мен нормаларды қалыптастырудың эффективті жаңа келістерді іздейді. Сонымен, орфографиялық сауаттылық қазақ тіліне үйретудің орталық проблемасы болып табылады. Ең маңыздысы орфографиялық дағдыларды жасап шығару, орфографиялық ережелерді қолдану болып табылады.
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып, жұмыста мынадай мақсат қойылады: орфографиялық дағдылар мен нормаларды жасап шығару мен қалыптастыру бойынша эффективті әдістер мен тәсілдерді жасап шығару. Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
Осы проблема бойынша лингвистикалық, психолого-педагогикалық және ғылыми – әдістемелік әдебиеттерден іздестіру;
Орфографиялық норманы қалыптастыру бойынша жұмыстың барынша эффективті тәсілдерін анықтау.
Тілдік норманың тарихи сипатын, "ескі” мен "жаңа” норманы айқындауда Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ш.Жалмаханов, М.Сабыров т.б. ғалымдардың тарихи-салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелер мен ондағы әдіс-тәсілдер, сондай-ақ жарыспалы норманың басым түрлерін тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы жиіліктері арқылы айқындаудың К.Бектаев, А.Жұбанов жасаған статистикалық әдістері сөз мәдениетінің әдістемелік базасының шеңберін кеңейте түсетіні сөзсіз.
Орыс тілтанымы мектептерінің басында тұрған көрнекті тұлғалар Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Ожегов т.б. еңбектеріндегі, сондай-ақ Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің, әсіресе В.Матезиустің [6] тіл мәдениетінің жалпы ұстанымдарының, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдар мен концептуалдық пайымдауларының қазақ сөз мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы ерекше болғаны мәлім.
Жоғарыда атап көрсетілген зерттеу нәтижелері мен тілді зерттеудің жаңа бағыттары қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, мәртебесін көтерудің сөз мәдениетіне тікелей қатысы бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені мәдениеті жоғары тіл ғана ұлттық тіл, мемлекеттік тіл ретінде қызметін мінсіз атқара алады. Осыған орай сөз мәдениетін зерттеу өзекті сипат алып, оның мынадай келелі-келелі мәселелерін айқындап, оларды ғылыми негізде шешуді күн тәртібіне қойып отыр.
Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау, зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ сөз мәдениетіндегі өзекті мәселелер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |