№5 орта мектебі 7 «А» сынып жетекшісінің
2018-2019 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша
жылдық есебі
2018-2019 оқу жылынында 7 «А» сыныбының оқушыларымен «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Оқу жылының басында 2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып белсенділері бекітіліп, тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Тәрбие жұмысы төмендегі бағыттарды бойынша іске асырылды:
Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбиесі
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді.
Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып оқушылары «Алтын күз» мерекесіне белсене қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Сынып оқушылары қарбыз туралы сахналық қойылым қойып, би биледі, түрлі тәтті сусындар дайындап, тағамдар әзірледі.
«Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында шығарма байқауы, «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағаты, «Тағылымы мол Тәуелсіздіктің 27 жылы» тақырыбында кітап көрмесі, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ.
Қараша айында «Адамгершілік – асыл қасиет», «Сен өз құқығыңды білесің бе?», «Дені саудың – жаны сау», «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Табиғатты аялайық!», «Менің болашақ мамандығым...» атты сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп педагогикалық ұжымы жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы жанұяларда тәрбиеленетін балалармен үнемі жұмыс атқарып келеді. Оларды жылдың басында кітаппен, оқу құралдарымен, киіммен қамтамасыз ету мақсатында «Қамқорлық» акциясы өткізілді.
Мектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ.
Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі спортпен айналысады. Қыздар қалалық волейбол жарысынан 1-орынды иеленді. Амантай Дарын спорттық жарыстар мен ғылыми-конференциялардың жүлдегері атанды. Мемлекет рәміздерін құрмет тұту аясында туға тағзым ету мәртебесі бұйырды.
Сынып жетекшісі: А.Б.Құмашбаева
Достарыңызбен бөлісу: |