Бір уақытта эмбрион дамуымен қатар эмбрионнантыс ағзалардың түзілуі жүреді.
Эмбриогенездің 8 тәулігінде эпибластан мезодермалық жасушалары оқшауланып эмбрионнантыс мезенхиманы түзеді. Мезенхима уақытша ағзалардың дамуына қатысады.
12-14 тәуліктерде бластоцистаның құрылысында 2 көпіршік пайда болады: 1) амнион көпіршігі (12 тәулікте түзіледі);
2) сарыуыз көпіршігі (13-14 тәуліктерде пайда болады).
Екі көпіршік қабырғаларының шектескен аймағында эмбриондық қалқанша (эмбрионның денесі) дамиды. Амнион көпіршігінің қалындаған түбі эмбрионның эктодермасы, ал сарыуыз көпіршіктің төбесі эмбрионның энтодермасы болып табылады
15-ші тәуліктерде эмбрионнантыс энтодермадан аллантоис дамиды.
Сонымен, гаструляция сатысының соңында 3 эмбриондық жапырақ ж/е барлық уақытша ағзалар дамиды.
Эмбрионнантыс ағзалар
Хорион. Эмбриогенездің 11-тәулігінде дамиды. Трофобластан және эмбрионнантыс мезенхимадан дамиды.