Би: «Катюша»
ІІ жүргізуші: Аты аңызға айналған
Бауыржан ата 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Көлбастау
ауылында дүниеге келген.
Бауыржан атамыздың дүниеге келгенін биыл 100 жыл толады. Бауыржан Момышұлы
– елі үшін ерен еңбек жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған.
Көрініс: «Бауыржан Момышұлы»
(Ортаға Бауыржан Момышұлы шығады.)
Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл
үлкен университет.Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім,сабақ
алдым.Талай генералдың қол астында қызмет істедім,тәрбие көрдім.Өйткені
командир деген әскери педагог қой.Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды
өзіме ерекше мектеп деп бағалаймын.Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған
,үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп
ойлаймын.Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға
жұмсадым.Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның
өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп
жанып тұрған отқа талай түстім.Өз халқын құрметтеп,сүймеген адам –
опасыз,оңбаған адам.Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей
алады.Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі
арқылы ғана келеді.Мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші.
Достарыңызбен бөлісу: |