5-сынып күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2020-2021 оқу жылы


-тарау. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет16/25
Дата13.09.2020
өлшемі102,29 Kb.
#78549
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
КТП2020-2021 (1)

2-тарау. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



7. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағат;

2) 2-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;

3) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағат;

4) 4-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.

8. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;

3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;

4) робототехникаға арналған жиынтықтар.

9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:

1) компьютер;

2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;

3) интернет желісінде жұмыс істеу;

4) есептей білу;

5) робототехника.

10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) компьютердің құрылғылары;

2) программалық қамтамасыз ету;

3) қауіпсіздік.

11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:

1) мәтіндер;

2) графика;

3) презентациялар;

4) мультимедия.

12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) ақпаратты іздеу;

2) ақпаратпен алмасу.

13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:

1) алгоритмдер;

2) программалау.

14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) жалпы робототехника;

2) роботтың қозғалысы;

3) датчиктер мен қозғалтқыштар.

15. 1-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютер»: Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;

2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;

4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).

16. 2-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютер»: компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар).

Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.

Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;

2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;

Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру және көрсету.

Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.

4) «Есептей білу»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі.

Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру.

5) «Робототехника»: ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.

17. 3-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер.

Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану.

Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу;

Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны.

Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.

Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.

4) «Есептей білу».

Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.

Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.

5) «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.

18. 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.

Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;

2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».

Мәтін: мәтіндегі кестелер.

Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.

Мультимедиа: бейнеролик жасау.

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.

4) «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.

Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.

5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет