Қалыптастырушы бағалауға арналған 5-тест тапсырмалары (§5)
Дұрыс жауапты белгілеңдер: 1. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару және жақшаны ашу қай қасиеттің көмегімен орындалады?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
2. Айырымды көбейтінді түрінде немесе көбейтіндіні айырым түрінде қай қасиеттің көмегімен жазуға болады?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) айырымға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
3. Қосындыны көбейтінді түрінде немесе көбейтіндіні қосынды түрінде қай қасиеттің көмегімен жазуға болады?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
4. 728 · х + 272 · хөрнегін ықшамдаңдар
1) 1000 + 2х
2) 1000 + х
3) 1000х.
5. (х · 4) · 25 өрнегін ықшамдаңдар
1) х + 100
2) х · 100
3) 100х.
6. 501 + (х + 499) өрнегін ықшамдаңдар
1) 1000 + х
2) 1000 · х
3) 1000х.
7. 27х + 609 + 13х + 91 өрнегін ықшамдаңдар
1) 27х + 13х + 700
2) 40х + 700
3) 740х.