2-ші «Әлеуметтік сала» бағыты:
11 мақсат, 18 міндет, 19 мақсатты индикатор, 36 нәтиже көрсеткіші көзделген.
2015 жылдың қорытындылары бойынша 8 мақсатқа, 14 міндетке, 16 мақсатты индикаторға, 31 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген.
3 мақсатқа, 4 міндетке, 3 мақсатты индикаторға, 5 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген.
«Білім беру сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтарын сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» мақсаты аясында 1 индикаторға және 1 көрсеткішке қол жеткізілмеген.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары 98,3% болса, іс жүзінде 94% құрады.
Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесінің жоспары 92,2% болса, іс жүзінде 92,6% құрады.
Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқарманың санитарлық тәртіп нормаларына сәйкес (топта 25 бала болуы тиіс) балалардың санын азайту туралы ұсынымын орындау мақсатында өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда балабақшаларға 1000 балаға кем жолданғаны себепті балаларды қамты пайызы төмендеді.
«Орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын жақсарту» мақсаты аясында 1 көрсеткіш орындалмаған – 100 мың адамға шаққанда туберкулезден шетінеудің жоспарлы көрсеткіші 7,2 болса, нақты 8,1 құрады.
Туберкулезден өлім-жітімділік 100 мың адамға шаққанда 6,9-дан 8,1-ге дейін артып, 17,4 пайызды көрсетті. 2015 жылы қайтыс болған 40 адамның ішінде: туберкулезге қарсы емдеуге жатпайтын, 34 туберкулездің созылмалы берік формасымен, 3 асқынған аурумен, 3 алғаш анықталған науқастар бар. Туберкулезден болған өлім-жітімділікке едәуір әсер ететін медициналық-әлеуметтік факторларға жұмыссыздық, маскүнемдік, нашақорлық, жанама аурулар, тұрақты мекенжайдың болмауы сынды факторлар жатады. Қайтыс болған науқастардың әлеуметтік мәртебесі мынадай: жұмыссыз тұлғалар - 19 (47,5%); мүгедектер - 10 (25%); зейнеткерлер - 5 (12,5%); тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар - 4 (10%); жұмыс істейтіндер - 2 (5%).
«Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі» мақсаты аясында 1 индикатор орындалмаған – МАӘК алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы жоспар бойынша 29% болса нақты көрсеткіш 33% құрады.
Жоспарланған 7 көрсеткіштен 3 көрсеткіш орындалмаған:
жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген адамдардан;
жұмысқа орналастырылғандардың үлесі жоспар бойынша 91%, орындалғаны 84%;
құрылған жұмыс орындарының саны жоспар бойынша 3641, орындалғаны 2724 бірлік.
Көрсеткішке қаланың кейбір ұйымдарында («Лад-Көмир» ЖШС, «МитЭнергоМонтаж» ЖШС, «Рин Сервис» ЖШС, «Coal Trade Company» ЖШС, «Қаруглесбыт» ЖШС) қызметкерлерді қысқарту жүргізілуіне байланысты қол жеткізілмеді.
- Жұмысқа орналасуға жәрдем алуға келген, еңбекке жарамды жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны жоспар бойынша 200 адам, жұмыспен 127 адам қамтылды.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші келесі себептер бойынша орындалмады: жұмыс берушілерден мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша өтініштер аз түседі, мамандықтар аясын тар, сондай-ақ мүгедектер ұсынылатын кейбір жұмыс түрлерінен бас тартады. Мүгедектердің еңбек етуге деген құлшынысының төмендеуі және жұмыссыздық кезеңі аяқталғаннан кейін жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қайтадан өтінішпен келетіні осыдан шығады.
«Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету» мақсаты аясында 1 индикаторға – «Азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халық үлесі» индикаторына қол жеткізілмеген. Индикатордың орындалуы 92% болса, іс-жүзінде 58,9% құрады. Себеп – әлеуметтік-маңызды іс-шаралар жоспары қысқарған, ел экономикасындағы ерекше кезең (жұмыскерлерді қысқарту, еңбек нарығындағы теңгерімсіздік және т.б.).
«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою» мақсаты аясында азаматтық қорғау саласындағы базалық көрсеткіштер тізбесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының №228 бұйрығымен 2015 жылғы 10 тамызында ғана бекітілген, алдыңғы жылдары әдістеме болмағандықтан, «Тасқындардан, ағын сулардан, су басудан, көшкіннен, жер сілкінісінен, селдерден және жергілікті маңызы бар өрттерден адамдар шығынын төмендету» индикаторын есептеу мүмкін емес.
3-ші «Инфрақұрылым» бағыты
3 мақсат, 3 міндет, 5 мақсатты индикатор, 8 нәтиже көрсеткіші көзделген.
2015 жылдың қорытындылары бойынша 2 міндетке, 1 мақсатты индикаторға, 9 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген.
3 мақсатқа, 1 міндетке, 4 мақсатты индикаторға, 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген.
«Тұрғын үй құрылысын дамыту» мақсаты аясында 1 мақсатты индикатор – «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» орындалмаған, жоспар 101,1% болса, орындау 81,6% құрайды.
Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу бюджетті оңтайландыруға, сондай-ақ жекеменшік сектор жобаларының қайта қаралуына байланысты. Сонымен қатар, валюта нарығында қалыптасқан жағдайға орай көрсеткішке қол жеткізілмеген, тұрғындардың сатып алу қабілеті төмендеген, тұрғын үйлерді және өзге де объектілерді салу қарқындары бәсеңдеген.
2015 жылы мониторингпен 70 құрылыс объектісі қамтылған. Оның ішінде 57 объектіні шағын кәсіпорындар салады, олар орындайтын құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесі 82,7% құрайды.
Шағын кәсіпорындар 2016 жылғы 1-ші тоқсанда есеп беретіндіктен, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша нақты көрініс статистикалық деректерде кәсіпорындардың бұл санаты бойынша есептілік қалыптастырылғаннан кейін мәлім болады.
«Жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту» мақсаты аясында 1 мақсатты индикатор мен 3 көрсеткіш орындалмаған.
«Жақсы және қанағаттанарлық жағдайы бар қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» мақсатты индикаторы бойынша жоспар 80% болса, орындау 51,9% құрап отыр, орындамау есептеу әдістемесін қайта қараумен байланысты. Жаңа көрсеткіш қайта бекітілген әдістеме бойынша есептелген.
2015 жылы «Жолдардың құрылысы және қайта жөндеу» көрсеткіші бойынша жоспар 0,8 км болса, құрылыстың жалпы ұзындығы 0,3 км құраған (Бөкетов көшесінен бастап Панель-Центр ықшамауданы арқылы Приканальная к. дейін – 125 млн.тг), орындалмау құрылысқа арналған сметалық-жобалық құжаттаманы түзетумен байланысты. Жолдың құрылысы бойынша жұмыстар 2015 жылдың шілде айында басталған, аяқталу мерзімі 2016 жылдың тамыз айы.
«Халықты коммуналдық қызметтің тиісті сапасымен қамтамасыз ету» мақсаты аясында 2 индикатор орындалмаған.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолы жететін халық үлесі;
Су бұру жүйесі қызметтеріне қолы жететін халық үлесі.
Себебі – бөлінетін ақшалай қаржының жетіспеушілігі және қала халқының жыл сайын өсуі.
4-ші «Экология және жер қатынастары» бағыты
2 мақсат, 3 міндет, 3 мақсатты индикатор, 6 нәтиже көрсеткіші көзделген.
2015 жылдың қорытындылары бойынша жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген.
5-ші «Мемлекеттік қызметтер» бағыты
1 мақсат, 1 міндет, 2 нәтиже көрсеткіші көзделген.
2015 жылдың қорытындылары бойынша жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген.
Жалпы алғанда, қаланың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының жоспарланған мақсаттарының, міндеттерінің, индикаторларының және көрсеткіштерінің 2015 жылғы орындалуы 76,4% құрады. Бұл – қол жеткізудің орташа деңгейі.
Нақтыланған жоспарға қарағанда жоспарланған қаржы қаражатының игерілуі 99,1% құрады.
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Мукеева
«Қарағанды қаласының
экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.Апақашева
Келістірілді:
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.Джүмекенов
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Т.Қалмаханов
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская
Қарағанды қаласы әкім аппаратының басшысы А.Оспанов
Достарыңызбен бөлісу: |