5. Тірі организмдер өмірінің формалары: Бактериялар прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі 2-6 мкм



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#81509
  1   2   3   4   5
Байланысты:
МБ 5,6


5. Тірі организмдер өмірінің формалары:

Бактериялар — прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі — 2-6 мкм. Белгілі бір түрге қатысты микроағзаларға тән болатын бактериялар жасушаларының көлемі мен пішіні түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін (бактериялдық дақылдың жасына, тіршілік ортасына және сол сияқтыларға байланысты). Бұл құбылысты полиморфизм деп атайды. Пішіні жағынан бактериялардың жасушалары үш топқа бөлінеді: шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген.

Шар тәрізді бактериялар деп кокктарды атайды (латын тіліндегі coccus — жидек) және ол жасушалардың диаметрі 0,5-тен бастап 1 мкм дейін болады. Кокктардың пішіні алуан түрлі: сфера тәрізді, ланцет тәрізді, бұршақ тәрізді. Бөлінгеннен кейін жасушалардың өзара орналасуына қарай, кокктар ішінде келесілерді ажыратады: микрококктар (латын тіліндегі micros -шағын) — жасушалар әртүрлі жазыктықтарда бөлінеді де, дара орналасады; диплококктар (латын тіліндегі diploos — екілік) — жасушалар бір жазықгықта болініп болған соң, жұптасып орналасады, олардың қатарына ланцет тәрізді пневмококктар және бұршақ тәрізді гонококктар мен менингококктар жатады; стрептококктар (латын тіліндегі streptos -тізбек) — жасушалар бір жазықтықта бөлініп, тарамай, тізбек түзеді; стафилококктар (латын тіліндегі staphyle — жүзім) — жасушалар түрлі жазықтықтарда бөлініп, жүзімнің үзімі түрінде шоғырларды түзеді; тетракокктар (латын тіліндегі tetra — төрт) — жасушалар екі өзара перпендикуляр жазықтықтарда бөлінеді де, төрт-төрттен орналасады; сарциналар (латын тіліндегі sarcio — тіркеймін) — жасушалар өзара перпендикуляр үш жазықтыкта бөлініп, әрқайсысында 8 немесе 16 жасуша болатын түйіншектер немесе топтамалар түрінде орналасады.

Кокктар сыртқы ортада, сонымен қатар адам және жануарлардың ағзаларында кеңінен тараған. Кокктар топтарының құрамында жұқпалы аурулар қоздырғыштары бар (микрококктардан, тетракокктардан және сарциналардан басқа).
Таяқша тәрізді пішіндерді бактериялар деп атайды. Олардың орташа өлшемі ұзынынан 1 мкм бастап 6 мкм дейін, және қалындығы 0,5 мкм бастап 2 мкм дейін болады. Бактерияларды сыртқы түріне қарап ажыратады: олардың ұштары домалактанған, жұмыр болуы мүмкін (ішек таяқшалары), шабылған (оба қоздырғышы) немесе қалыңдаған (дифтерияның қоздырғышы). Бөлінгеннен кейін бактериялар жұптасып орналасуы мүмкін — диплобактериялар, тізбектеп — стрептобактериялар (сібір күйдіргісінің қоздырғышы), кейде олар бір-біріне қатысты белгілі бір бұрышпен немесе қиылысып (дифтерия қоздырғышы) орналасады. Бактериялардың басым саны ретсіз орналасады.
Иілген пішіндерге спириллалар, вибриондар және спирохеттер жатады. Спирохеттер 3-5 жерден иілген болып келеді. Спирохеттер мерез ауруын туындатады. Вибриондар үтір тәрізді. Олар тырысқақ ауруының қоздырғышы. Спириллалар спираль тәрізді. Спириллалардың көпшілігі ауру қоздырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет