№ 5. ТРИГГЕРЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты:
1. Логикалық элементтерді қолдана отырып, асинхрондық триггерлер мен статикалық басқару триггерлердің схемасын құру
2. Триггерлердің жұмыс істеу принципін зерттеу
3. Триггерлер микросхемаларының жұмысымен танысу.
Қажетті құралдар мен қосымша құрылғылар: кілттер, жарық диодты индикаторлар.
Теориядан қысқаша мағлұмат
Electronics Workbench қолданбалы бағдарламасын оқып үйрену және оны іс жүзінде қолдану, кезінде ұсынылып отырған оқу құралын пайдаланып бағдарламаның осы айтылған және басқа мүмкіндіктерімен танысамыз. Бағдарламаны пайдалану үшін және модельдеу мүмкіндіктерін анықтау үшін мәзірлер жүйесін және олардың командаларын қарастырайық. Electronics Workbench бағдарламасы стандартты Windows интерфейсын пайдаланады, бірақ оның кейбір мәзірлері мен командаларының осы бағдарламада істелетін мәселелердің сипатына сәйкес ерекшеліктері бар.
Екі орнықты күйі бар, сыртқы басқарушы сигналдың көмегімен бір күйден екінші күйге шұғыл өтетін электрондық құрылғыны триггер деп атайды.
Триггерлер электрондық есептегіш машиналарда, автоматика мен телемеханикада ақпараттарды сақтау, логикалық және цифрлік сигналдарды санау, импульстерді жиіліктері бойынша бөлу және оларды потенциалдық деңгейлерін ауыстырып қосу және т.б. көптеген мақсатпен қолданылады. Өндірісте кеңінен таралған жадылық құрылғылар тогына интегралдық тиггерлер жатады. Атқаратын қызметтеріне қарай олар: RS, T, D, JK және т.б. болып бөлінеді. RS – триггер орнатушы немесе нұсқаулы триггер деп те аталады. Оның себебі: сигнал «S» кіріс жолына берілгенде негізгі шығыс жолы Q – де «1» пайда болуы керек те, ал «R» - ге сигнал берілгенде , онда «0» пайда болуы керек. Сонымен, «S» «1» -лік кіріс жолы да , « R» «0» -дік кіріс жолы болып саналады. Көріп отырғанымыздай триггердің Q-ге қарсы шығыс жолы да бар: Q=1 болғанда, =0, немесе Q=0 болғанда, =1. Сондықтан да шығысы инверсиялық шығыс жолы немесе терістеме шығыс жолы деп аталып, оның шығыс нүктесі терістеме белгісімен белгіленеді.
JK - типті триггер - бұл сызбаның екі тұрақты күйі бар және J мен K кірістері бар, олар J=K=1 шартында алдыңғы күйдегі инверсияны жүзеге асырады (J=K=1; Qn +1= Qn ). Мұндай қондырғы Т-триггері сияқты жұмыс істейді. Қалған жағдайларда JK - триггері RS-типті триггері сияқты жұмыс істейді. Осыған қарағанда J кірісі S кірісіне эквивалентті, ал К-R кірісіне структуралық схемасы көрсетілген. J мен К кірістеріне бірдей уақытта логикалық бірлік сигналын берген жағдайда триггер сәйкес тура келу схемалар көмегімен, оның бастапқы күйіне тәуелді «1» немесе «0» күйіне орнығады (яғни, Т-типті триггер сияқты). Егер сигнал J мен К кірістеріне берілсе, онда триггер RS-типті триггеріне «1»немесе «0» күйіне сәйкес орнығады. JК – типті триггер жан-жақты болып келеді, оның негізінде қиын емес коммутациялық өзгерістер көмегімен RS, D, Т-триггерлерін алуға болады. JK – триггер негізінде кез - келген триггерді жинауға болады делік. Мәселен, осы JK-триггерден Т- триггер жасау үшін, оның барлық J және K ену жолдарын біріктіре қойып, оған «1» сигналын беріп, санақ импульстерін С- ену нүктесіне берсе болғаны. Ал мұндағы R жолдарының қажеттілігін санауыштар құра бастағанда байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |