5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет3/13
Дата22.12.2021
өлшемі219,72 Kb.
#543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

3.2 Осы курстың мақсаты:

Арнаулы курс Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.

3.3 Курстың негізгі міндеттері:

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

3.4 Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:



  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3.5 Курстың пререквизиттері:

- Әдебиеттануға кіріспе;

- Халық ауыз әдебиеті;

- Ежелгі дәуір әдебиеті

- Әлем әдебиетінің тарихы

3.6 Курстың постреквизиті:

- Әдебиет теориясы;

- Қазақ әдебиетінің сынының тарихы

Кесте 1 – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
кесте 1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет