5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті



бет4/10
Дата05.11.2016
өлшемі1,91 Mb.
#843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Базардың қандай толғауларын білесің?

  2. Ақынның шығармашылығын зерттеген ғалымдар?

  3. Базардың өлеңдеріне талдау жасаңыз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер: 2, 7, 9, 16. Қосымша әдебиеттер: 6, 7, 8.

Тапсырма:1.Шығармашылығындағы басты жанрларға тоқталыңыз

2.Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы,сыншыл-сықақшыл тіл өрнектеріне талдау

3.Дастандарын талдаңыз.



ДӘРІС 9. МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ТУЫНДЫЛАРЫ

Мақсаты: Зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өмірімен танстыру. Шығармаларын оқыту арқылы ақынның жаңа қырларын ашу. Мұраттың шығармалары арқылы сезіміне әсер ету, рухын ояту.

Тірек сөздер: Ақын, жазушы, айтыскер ақын, жыршы ақын.

Дәрістің жоспары:

  1. Мұрат Мөңкеұлының әдеби туындылары.

  2. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының зерттелуі.

  3. Мұрат толғаулары "Үш қиян", "Қарасай-Қази", "Қазтуған"

  4. Мұраттың айтыс өнері

  5. Мұрат жайында айтылған жазушылар пікірі

Кеңес кезінде “зар заман” ақындарының ішінде жеткіліксіз зерттеген ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызыл қоғаауданы, Қарабау ауылында дүнйеге келген.Мұраттың әкесі Мөңке кедей шаруа болған деп жазылады кейбір деректерде. Мұраттың жалғыз інісі болған, аты Матай. Мұрат өмірі көп зерттелмеген бірақ азда болса өз үлестерін қосқан адамдар да бар олар: Х Сүйіншалйев, Ы Дүйсенбаев, С мұханов, Қ Жұмалиев.1940-50 жылдар арасында жарық көрген мектеп оқулықтарында енгізіліп жүрген Мұрат ақын 1947 жылғы атышулы қаулыдан кейін зерттеу объектісінен мүлде түсіп қалды десе де болады. Тіпті 1959 жылғы конференцияда Мұрат туралы арнайы баяндама болған жоқ. Осы конференцияның ұсыныстарында Мұраттың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын, ал жоғары оқу орындарында әдебиеттің қайшылықта дамығанын көрсету үшін ғана аталсын деп айтылды. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы 6 кітаптан тұратын әдебиет тарихынан да орын таба алмады. Оның шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1962 жылы шығарған “XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағына” да енбеді.
Тек жинақтың “Кіріспесіндегі” шолуға Ы.Дүйсенбаев ақынның атын атап, оған бірнеше жол арнайды, және оған берген мінездемесі 1959 жылғы конференцияда айтылған бағамен үндес. Осы бір “әттеген-айын” түзейін деген болу керек, Ысқақ Тәкімұлы Мұрат ақынның төрт шығармасын өзі құрастырып, алғы сөзін жазған “Үш ғасыр жырлайды” деген жинаққа енгізген Алайда, алғы сөзінде Мұратқа берген ескі бағасын қайталайды, бірақ шығармаларының алдында берген қысқаша мәліметінде былай деп жазады: “Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: “шешен, тапқыр бала" атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествосы соңғы кезде жөнді бағаланбай келді».

Міне, өзі көрсеткен осы олқылықты Ы.Дүйсенбаев өзінің докторлық диссертациясында, кейінірек шыққан “Ғасырлар сыры” кітабында біршама толтырды десек болады. Еңбегінің 20 бетін түгелімен Мұрат ақынға арнап, Ысқақ Тәкімұлы оның шығармашылығын тұңғыш рет мол қамтып, кең түрде, жан-жақты талдаған. Ең әуелі ғалым ақынның ғұмыры жөнінде бірсыпыра жаңа деректер келтіреді, оның ақын ретінде қалыптасқан ортасын көрсетеді, жекелеген адамдар туралы баян етеді. Сөйтіп, Ысқақ Тәкімұлы ақынның жастай өлеңге үйір, тапқырлығы мен өскен ортасын, көзқарас-танымының қалыптасу, кемелдену кезеңдерін сөз етеді. Артына елеулі әлеуметтік мәні зор мұра қалдырған ірі тұлғаның екі түрлі мәселеге орай кейінгі кезге дейін орынсыз ауызға алынбай, зерттелмей келгенін айтады.


Зерттеушінің пікірінше, оның біріншісі - патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюі әсерінен кейбір шығармаларындағы жалпы орысқа деген қарсылығы болса, екіншісі- ірі туындыларының дені әйгілі Едіге ұрпақтарына байланысты болуы – делінеді. Ы.Дүйсенбаев Едіге туралы теріс түсінік тарихшылардың жаңсақ бағасынан екенін айта келіп, былайша тұжырым жасайды: “Соның өзінде ақынға көзқарасың теріс екен деп, оны үзілді-кесілді тарихтан шығарып тастауға болмайды, оның үстіне Мұрат ақынды жан түңілерлік құбыжық, тұрған бойымен қап-қара, бастан-аяқ кертартпа деп қараудың өзі шындықтан мүлде алшақ жатыр.
Сонан соң, орыс халқы мен қазақ халқының ежелден келе жатқан достық қарым-қатынасын сөз еткенде, біз әдетте тарихшылардың осы мәселе жөнінде қалыптасып үлгірген сыңар жақ, кейде қате тұжырымдарына еріп кетеміз… Өзіміз тексеріп, зерттеп отырған дәуірдің ерекшеліктерін яғни ондағы қайшылықтар мен игі нышандарды тереңірек тануға, дұрысырақ ұғынуға үнемі бара бермейміз .. ал, мұның ақыры неге апарып соғатыны айтпаса да белгілі … Ал, енді Едігеге келсек, ақиқатта тіпті басқаша, құр Едіге деген аты болмаса, қазақ жырында мүлде бір өзге жанның бейнесі беріледі емес пе? Қалай болғанда, қазақ фольклорының ең бір бай саласынан Едіге мен оның ұрпақтарына бола безіп, мансұқ ету, зерттемей тастау дұрыс па? Ендеше, осы тақырыпты азды-көпті қамтитын Мұрат ақынның шығармаларындағы қайшылықтар мен кемшіліктерді әділ көрсете отырып, оларға ғылыми талдау жасауымыз қажет, онсыз ақынның творчествосына толық баға беру өте қиын”
Осылайша өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази” поэмалары мен “Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Мұрат ақынның шығармаларын Ысқақ Дүйсенбаев тұңғыш рет жүйелеп, үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісі - ақынның өлеңдері мен толғаулары, екіншісі - дастандары (“Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази”), үшіншісі - ақынның айтыстары. Біз де зерттеушінің ізімен жүруді жөн көрдік. Өлең, жырлары онша көп емес, бар болғаны 15 шақты ғана жыр, соған қарағанда, қысқа өлеңдері бізге түгел жете қоймаған тәрізді. Ақын Қаражанға, Есентемір, Тұрабай, Есенғалиға арнаған өлеңдерінде (Қазиға, Бегалыға арнауларында) оларды жер-көкке сыйғызбай мақтаса, қалған өлеңдерінде болыстықпен кеудесіне нан піскендерді сын садағына алады,- дей келе, зерттеуші бұған Қашқыншы Қаражан Құлбас баласын мақташы дегенде айтқан ақын сынын айқын дәлелге келтіреді. Мұрат тек Құлбас баласы Қаражанды ғана емес, болыс болып елді жеген, ел-жұртқа сонысымен ылаң салған кісілерді аяусыз сынап, кесірлі-кесапат мінезділерді тезге салып жөндеуді көздейді.

Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі. Ақын өткен өмірге қарағанда, бұрынғы даналардың халық қамы үшін еткен іс-әрекеттерін кейінгілерге үлгі ете сөйлеп:

Дүниенің төрт бұрышын,

Қорқыт атаң шайқады.

Ажалға айла таба алмай,

Қайта айналып келді деп,

Бұрынғылар айтады.

Заманның болар тәрізін.

Асан қайғы әулие,

Көзі көрмей байқады,

Қанша дәулет бітсе де,

Басыңнан аумас бақытың.

Алпыс күн асқан дария ,

Алты күнде қайтады –

деп дүниенің баянсыздығына орай айтқан ақын ойының байыптылығына көңіл аударады. Мұраттың сөз өнерінің сұлу сиқырлығы мен әсемдігін көркем бейнелеген мына бір жыры да жоғарыдағы пікірімізге дәлел болғандай:
Жылы қылып сөйлейін,
Ақ теңгенің мөріндей.
Шалқақтатып сөйлейін,
Айдынның шалқар көліндей.
Асыл қылып сөйлейін,
Базардың алтын беріндей
Жабыстырып сөйлейін,
Тұтқыр сары желімдей.
Сұлу қылып сөйлейін,
Қос жорғаны мініп ап,
Түскен жаңа келіндей !

"Үш қиян” толғау-дастанында акын "Үш киян” деп — үш өзен салаларын айтады. Олар: Батыс Қазақстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айна-ласы. Олардьщ отаршылдардьщ кольшда кеткені, елдің өрісі-нен айырылып торыққаны жырланады. Соның салдарынан "заман” бүзылды: акшалыньщ күні туды, пара-пөле көбейді, арамзалар болыс болып, ел биледі, ағайындьщ пен татулыкка жік түсті, ел ішін жылпостар жайлады, Дәулеттіден бақ тайды деп күңіренеді:

Заманы қайтіп түзелсін, Акшасына сүйеніп,

Қоңсыдан туған би болды... Айткан сөзі пүл болды,

Акылеыздьщ баласы Заманың мүндай сүм болды.

Заманның болашагы — жастар. Акын сол жастарды заман бүза ма деп те кауіп ойлайды.

Ак борыктай иілген, Ащы суға тойдырып,

Кейінгі туған баланың Бүза ма деп іреңін.

Үстай ма деп білегін, Адыра калғьф заманньщ

Шая ма деп жүрегін... Мен жаратпаймьш сүреңін.

Тәуелсіздігінен, жерінен айырылған казак кайда бармақ? Мұрат осыны ойлап түңғиьиқ ойға батады. Баяғы заманның Асан қайғы, Қазтуған, Орақ, Телағыс сынды ірі тұлғалар өскен жерден айырылған ендігі ұрпак қайтпек?

Еділдің бойы — канды киян,

Жайықтың бойы — майлы киян,

Маңғыстаудын бойы — шаңды киян,

Адыра калғыр Ү ш киян!..

Жеті жүрттьщ кеткен жер,

Қайырсыз болған неткен жер?

Адыра қалрыр, көк Жайық,

Көпір салып өткен жер.

Асан қайғы, Қазтуған,

Орақ, Мамай, Телағыс,

Шоралар шұбап кеткен жер!

"Үш қиян” — тілі көркем толғау. Онда бейнелі сөздер, әсерлі суреттер мол. Теңеу, эпитеттердің шебер қолданыстары көптеп кездеседі.

Емендей белін бүгілтіп,

Жібектей жалын төгілтіп.

Еріні төмен салпиған,

Қүйрығы гүлдей малынған.

Күдері бел, күшнек сан,

Бедеу атқа мінген жер.

Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын шоқтығы биік – “Үш қиян” дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мұнда да “Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.

"Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны",

Бұлардан басқа Мұрат ақынның мұраларында "Қазтуған" "Шәлгез" "Қарасай-Қази" бірнеше толғау-термелері бар. "Қазтуған”, "Қарасай—Қази”, "Шәлгез” жырларында ноғайлы жұртының аңыздарын баян етеді.

”Қазтуған” толғауының басты кейіпкері — XV ғасырда өмір сүрген, әрі батыр, әрі шешен жырау, Еділ мен Жайык алқабын жайлаған Сүйінішұлы Қазтуған. Оқиға Қазтуған аузымен монолог ретінде баяндалады.

Елдің Еділ-Жайық аралығындағы шұрайлы жерлерінен айырылған күнін толғайды:

Еділді алса, елді алар,

Енді алмаған нең калар,

Жайықты алса, жанды алар,

Жанды алған соң нең қалар?..

"Қарасай — Қази” жыры — Мұрат шығармаларының ең көлемдісі, оны нағыз эпостык поэма деуге болады. Жырдың сюжеті — тартымды, ширак, жинакы күрылған. Ноғай-қазақтың батыры Орак екіжүзді, күншіл ағайындардьщ арамза істерінен капияда каза табады. Жырда батырдың казасы ел-жүртына ауыр тигені — оның досы Акмырзаның, шешесі Көрібоздьщ, кария Қараүлектің жоктаулары арқылы үлкен психологиялык тебіреніспен беріледі. Әкеден айырылып жетім калган екі жас Қарасай мен Қази толғаныстары сай-сүйекті сыркыратады.

Жырдағы бөлекше әсер калдыратын бейне — Қарасай мен Қазидың анасы. Ол — қос батыр ұлан өсірген асыл ана, мейірімді де адал жар. Батырлар жырындағыдай "көркіне акылы сай” әйел деп суреттелмейді, оның аяғы аксақ, көзі сокыр. Жырда бүл кемдікке саналмайды. Орактьщ сүйкімді жары ерін қалай сүйсе, елін де солай адал сүйеді.

Ол батырға сай — жар, әрі ана ретінде көрінеді:

Қарсыласқан дұшпанды Қабыландай соғып жер еді.

Маңдайы күндей балқыған,

Көзі судай толқыган,

Иісі запьфандай аңқыған,

Бір патшадай неме еді,

Өтіп кетті демесең,

Қай батырдан кем еді?.. —

деп, жары Орак батырды аса жоғары бағалайды.

Ақынның көлемді де көркем шығармасы -“Қарасай-Қази” дастаны. Бұл туындыда күрделі де шытырман оқиға жоқ, өзімізде бұрыннан бар батырлар жырындағы тәсілдер; диалогтың молдығы, аттың адамша сөйлеуі, түс көру, аян беру секілді жәйттар кеңінен қолданылады. Жыр арасында батырлар жырында жиі кездесетін қара сөзді пайдалануға да орын берілген. Жырдың қысқаша фабуласы: Мұса бидің Мамайы мен Орағы бірі би, бірі батыр болып елді билесе, қалған 28 ұлының бір тобы бұларды күндейді. Орақтың есігінің алдына өзінің алмас қылышын құрып қойып, жылқыны дүсірлетіп қуып, “жау келді, Орақ, шық” деп айқайлайды. Орақ есіктегі қылышқа түсіп қалып, жараланып қайтыс болады. Оның шешесі Қараүлек, әйелі, Қарасай, Қази деген екі баласы артында қалып, батыр болып жетіледі. Он жеті жастағы Қарасай мен он бестегі Қазидың өсіп ер жетуін негізгі оқиға етіп жырласа да, Орақтың ерлігі, Қарабатыр, Тілеке, Алшы, Смайыл, Тобаяқтардың зұлымдықтары диалог арқылы ашылып отырады. Әсіресе, Орақтың елі үшін жасаған сансыз ерлік істері досы Ақмырзаның, шешесі Қараүлектің сөздері, әйелінің жоқтауынан айқын көрініс тапқан. Ал, Орақтың өлуіне себеп болған бақастар тобы өз айыптарын өздері мойындап, “ақырында күндей, күндей жоғалттық” деуге мәжбүр болады. Ел шетіне жау келгенде, баяғы “бес батыр” қарсы аттанады да, Қарасай жорыққа бармай қалады. Қарасай шешесінің сөзінен кейін әкесінің асын беріп, өзіне лайық ат іздейді. Қарындасы Қибатты Ноғайлының қарт батыры Көкшеге бермекші болып, оның Көкбұйра атын мініп жауға аттанады. Қырық күн бұрын кеткен әскерді қуып жетеді. Жау қарасынан қорқып Қарабатыр, Тілекелер кейін қайтып, Қарасай мен Естерекұлы Ер Тарғын ғана қалады, кейін Қази келіп қосылады. Үш батыр жауды жеңіп, еліне оралады. Мұнда үш батырдың қажыр-қайраты, шексіз ерлігі әсем суреттеліп, Қарабатыр тобының пасық-зұлымдығы, опасыздығы шебер сипатталады.

Зерттеуші Мұраттың айтыстағы шеберлігі мен тапқырлығын оның бес айтысын талдау арқылы көрсете алған. Жылқышы, Бала Ораз, Кете Жаскелең ақындармен және әйел ақындар Жантолы, Тыныштықпен айтыстарының көбінде рулық сипат орын алса да, Мұраттың айтыста төселген алғырлығы, сөз өрнегін келістіре білетін шешендігі зерттеуші тарапынан жоғары бағаланады. Мұрат бала кезінен атыс өнеріңде көрінген болатын. Мұратың ең алғашқы айтысы Жылқышымен айтысы болатын. Және ол осы айтыста жеңіске жеткен болатын. Мұартты айтыс өнеріне дайыдаған Есеп Қараұлы болатын. Мұраттың бұл жолда еңбегі зор. Мұарттың Жылқышымен айтысар алдында осы Есептен барып бата алады. Есеп ақын Мұратқа шежірелер жататып айтысқа өзі дайындайды. Ал сондай айтыстардың бірі 1863 жылы Бала Оразбен айтысы. Ы.Дүйсенбаев өз ой-пікірлерін қорыта отырып, мынадай тұжырым ұсынады: “Әдетте Мұрат шығармаларына баға бергенде, отаршылыққа қарсы реакция ретінде туған оның ащы сөздерінің парқына бармай бұлары жалпы орыс атаулыға айтылған наразылық деп танып келдік. Сонда Мұрат ақынды бастан-ақ ескішіл, әдебиетіміздің қорына қосқан ешбір үлесі жоқ деп кесіп айта аламыз ба? Ақынның ізгі ізденістері, туған халқының тағдыры туралы толғаныстары мен өмір шындығы екі арасындағы қабыспас қайшылықтардың себептерін неге ашпаймыз? Қайткен күнде де “кертартпа” деген ұғымды тым тар көлемде қарамай, бір жағы замана қайшылықтары ескерілсе. Қай ақынның болсын творчествосындағы барлық ерекшеліктерді түгелдей қамтып барып, терең топшылау, әділ қорытынды жасаған дұрыс”. Бұл – шын мәнісінде әділ баға еді, себебі қашан да, қай ақын болса да әдебиетімізге қосқан өзіндік үлесімен,тың жаңалығымен өлшенсе керек. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары халық аузынан, Ғылым академиясының қолжазба қорынан жинақталып, халыққа танылуына, оның шығармашылығының ғылыми айналымға түскеніне көп уақыт өткен жоқ. Қазір ол республика халқына танылды болады. Совет үкіметі кезінде кертартпа ақын деп, шығармалары баспа орындарында жарияланбай, халық санасынан аластатылса, қазір оқу орындарының бағдарламаларына енгізіліп, толғаулары мен дастандары әртүрлі жинақтарда жариялануда. Мұратты қаншама халыққа танылды дегенмен, Абай мен Махамбеттей, Ақтамберді мен Бұқардай мол орнығып, санаға сіңе қойған жоқ. Махамбет жырлары халыққа Мұрат арқылы мәңгілік ғұмырға ие болды. "Қырымның қырық батырын", Ноғайлы жырауларының толғауларын, көптеген батырлар жырларын Мұрын жыраудың Мұрат ақыннан үйренгендігі шындық. Қазақ елі ақынның я батырдың қай өлкеден екендігіне қарамастан, бәріне де ортақ болса, атақты ақындар да, батырлар да күллі қазақтың құрметтісі. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлының өзіндік ерекшелігі — заманның бұзылуы себептеріне терендей үңіліп шешімін табуы. Мұны М.Әуезовтің сөзімен айтсак: "Бұл да азған заманның белгісін айтьш келіп, заман неден бұзылғанына шешу айтады.

Шешуі: Заманды бұзған қазақтың өз қалауы.”

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Мұрат қай жылы дүниеге келді?

2. Мұраттың толғауларын ата?

3. Мұрат Бала Оразбен, Жылқышымен қай жасында айтысты?

4. Мұраттың ұстазы, үйретушілері кім?

5. Мұраттың Бала Оразбен айтысы?

6. Мұрат өлеңдерін зерттеген ақындар кімдер, қай өлеңдер зерттелді?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер: 7, 12, 13, 15. Қосымша әдебиеттер: 2, 6 9.

Тапсырма 1. .Мұрат Мөңкеұлының «Қарасай-Қази»дастанын талдау

2.Мұраттың айтыстарының ерекшеліктерін жазыңыз.

ДӘРІС 10. ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ (БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ, САРА ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ)

Мақсаты: Сара Тастанбекқызы мен Біржан Қожағұлұлы туралы түсінік беру. Ақындар поэзиясы, сал – серілер жайлы білімді одан әрі жетілдіру,.

Тірек сөздер: ақын, сал – серілер, айтыс, әнші, поэзия, өнер иелері.
Дәрістің жоспары:


  1. Біржан сал Қожағұлұлы

  2. Сара Тастанбекқызы

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер, әнші ақындар) шығармашылығындағы көрнек өнерінің ежелгі замандық тұтастық (синкретизм) белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы (әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі мазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік, т.б.).

Біржан сал Қожағұлұлы

Әйгілі қазақ ақыны, сазгер. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған.

Рулық-патриархалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, жырына әйел теңсіздігін, әлеумет күйін арқау еткен өнерпаздың өмірі қиындықтар мен мұқтаждыққа толы болды. Қуғынға ұшырап, руарарлық қақтығыстардың куәгері болып, ауруға шалдыққан ол 1897 жылы қайтыс болды.

Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осы тақырыпта оның "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жар", "Ләйлім-шырақ" т. б. шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады.

"Орынбор әнінде" жан серігі домбыраны жырлайды.

Ақын халық мүддесін қозғайтын өлеңдері "Жанбота" мен "Адасқақта" Азнабай мен Жанбота сияқты болыстардың халыққа көрсетіп отырған қысымшылығын әшкерелейді.

Ақынның "Жамбас сипар", "Теміртас" тағы басқа да әндері мұң мен шерге толы. Біржанның 40-тан астам өлеңдері бүгінгі күнге дейін жетті. Ол айтыс өнерінің де шебері болғаны мәлім. Оның Жетісуға арнайы келіп, Сара Тастанбекқызымен айтысы осы жанрдың озық үлгісіне жатады. Біржан өлеңдері ұлттық өлең өнерін жоғары деңгейге көтерген. Біржанның ерекше ақын-сазгер, өте дарындылығын бағалаған халық, оған "сал" атты қосымша ат берген. Сал өзінің шығармашылығында халық өнерінің барлық әуендік, поэтикалық, драмалық түрлерін біріктірді. Біржан салдың соңында есімдері жұртшылыққа танымал Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанов, Әсет Найманбаев, Балуан-Шолақ Баймұрзин, Доскей Әлімбаев, Құлтума Сармұратов сынды шәкірттері мен ізбасарлары қалды.

Сал ақындар ауыл-ауылды аралап, екеуара бірігіп немесе хормен өлең айтып, халықтың көңілін көтеретін болған.

1865 жылдың жайма шуақ жаз айы. Көк майсалы Көкшетау етегіне тігілген ақ шаңқан үйлер шапқан ат шаршайтындай аймақты алып жатыр. Себебі Сары Арқаның астанасы Омбыдан "генерал-губернатор келе жатыр" деген хабар алыс-жақын аймақты түгел шарлап, қалың ел әуре-сарсаңға түскен. Әсіресе болыс, старшындар қатты әбігер үстінде. Үй тігу, қонақ күту, сән-салтанат көрсету жөнінде бірінен-бірі асып түскісі келіп жанталасуда. Бұл аймақтағы көп болыстың ішіндегі ең көрнектілері - Азнабай мен Жанбота. Азнабай - жуан тұқым Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның "сегіз болыстан шені артық" (Біржан салдың сөзі)...

Түске салым Жанбота тіктірген үйлер жақтан шырқау ән естілді. Бұл - "Сары Арқаны әнмен сандалтқан" Біржанның дауысы екенін естіген жұрт сол жаққа құлақ түріп, аңсары ауа бастаған. Басқа шаруа былай қалып, әсіресе жас жігіттер, қыз-келіншек ән шыққан жаққа ағыла бастады. Бұл - Жанботадан абыройын асырғысы келіп жүрген Азнабай болысқа ұнаған жоқ. Генерал-губернатор келмей жатып, Жанбота ауылының той-думанға айнала бастағанын жақтырмай, араға кісі салып көріп еді, бақталас болыс: "Жастардың қолқалауымен ән салып отырған Біржанға мен не деймін?" - деп қырсық жауап қайтарыпты.

Біржан отырған үйдің иесіне: "генерал-губернатор келгенше қоя тұрсын" - деп сөз айттырса, ол да: "Жиналып тұрған көпшілікке топырақ шаша алмаймын", - десе керек. Бұған ашуланған Азнабай мінезі дөкір, дойыр қамшылы поштабайын жұмсап: "Тоқтат Біржанды!" - деп бұйырады. Поштабай барып бұйрықты жеткізсе, Біржан тоқтамайды. Поштабай әуелі қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Өзі де балуанға түсіп жүрген қарулы Біржан домбырасын бермейді. Сосын поштабай қолындағы қамшымен Біржанды бір тартып жібереді. Мұның аяғы төбелеске айналып, отырған жұрт поштабайды үйден қуып шығады. Бірақ денесіне қамшы тиген Біржан бұған қатты намыстанып, жан айқайы "Жанбота" әнін шығарған. Мұнда өзін қолқалап ертіп келген Жанбота болысқа:

"Жанбота, осы ма еді өлген жерім?

Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" -

деп ашулана шырқаса да, "қарғаның көзін қарға шұқымайды" дегендей, "азуы алты қарыс" Азнабайға ештеңе істей алмасын байқаған соң, атақты "Адасқақ" әнін шығарған. Онда бұл дүниеде әділеттің жоқтығын, кім болса да біреуге жағынудың, жағымпазданудың керек еместігін, өз күшіңе, біліміңе, қабілетіңе қарай өмір сүру керектігін өкіне, ашына айтқан.

Бұдан кейін Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. "Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген "Ләйлім шырақ", "Теміртас", "Жайма шуақ", "Айтпай", "Бурылтай", "Айбозым", "Асыл-Ақық", "Керкекіл", "Ақ серкеш", "Мәті-Дәулен", "Алтын балдақ", "Телқоңыр", "Аққошқар", "Көкек" т. б. әндері - мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын "Біржан - Сара" операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес қазынамыз.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, -

Деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.



Біржан Қожағұлұлы композитор, әнші, акын. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.

Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет