5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
Мазмұны1 Қолданыс аясы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль) 5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары 6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ «ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы»» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы «ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы»» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты; - «5 В 011700»- Қазақ тілі мен әдебиеті » мамандығының типтік оқу жоспары; «5В 012100» -Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті - СТУ 042-СГУ-5-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты; - ДП 042-1.07-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: «ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы» пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. «ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады. Сондықтан, бағдарламаның тақырыптарының бір-бірінің заңды жалғасындай болып шығуына жете көңіл бөлінді. Мазмұн сабақтастығы, мәселелердің туындау рет-реттілігі сақталды. «ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы» бакалавриат сатысының 3-курсында жүргізіліп, дәрістік және семинар түрлерін қамтиды.
ХІХ-ХХғ басындағы қазақ әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Студенттерге кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалары жайында,ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы,көркемдік,стильдік жалғастығы,әлемдік озық үлгілерімен үндестігінен түсінік беру.Жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары
шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады.Бұл мақсаттың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық,гуманистік-ағартушылық,эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болмақ. 3.3 Пәнді оқыту міндеттері: «ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты- студенттерге халқымыздың бай да мазмұнды, әдеби мұрасын таныту. Маман әдебиетші дайындау,оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру,игеру міндетімен сабақтас.Кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, студент бойына қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге осы кезең әдебиетінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. 1.4 Пәнді оқытудың міндеттері: - XIX-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің басты әдеби сарыны-отарлык езгіге қарсы туған азаттық сарыны екенін саралап, таныту; - осы ғасыр әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдык, жазба әдебиеттің дүниеге келуін оқыту; - XIX-ХХ ғ басындағы әдебиеттегі әдеби бағыттар мен ағымдар, сөз өрнектерін игеру;
Абай шығармашылығының маңызы мен тағылымын таныту; - пәнді оқыту барысында студенттерге жекелеген шығармалардың жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен мазмұны жайлы білімдерін қалыптастыру; - Дәуір әдебиетін тарихи сабақтастық тұрғысынан оқыта отырып, жалпы ұлт әдебиеті тарихынан алар орны мен кейінгі әдебиетке тигізген әсері және ықпалын межелеп беру. - ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдайға шолу, оқу-ағарту жайы мен баспасөз ісінің дамуын, жанрлардың дамуын түсіндіру; - ХХ ғасыр басындағы саяси, әлеуметтік өзгерістер, мәдени жаңарулардың ұлттық әдебиетке тікелей қозғау салуы. Қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан өркендеуін таныту; - 1916 жылғы оқиғалардың тарихи мәні мен ол турасындағы жыр-дастандардың сипатын анықтау. 3.4 Оқыту нәтижелері: XIX-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы курсын оқу барысында студент әдеби мұраны игерудегі зерттеу нәтижелерін меңгере отырып,әдебиет тарихы мәселелерін ары қарай қарастырады Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиіс: •XIX-ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік табиғатын меңгереді; •XIX- ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады. •XIX- ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады. •XIX -ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады. •XIX - ХХ ғ басындағы қазақ әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
• теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді. • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады. • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді. «ХІХ-ХХғ басындағы қазақ әдебиеті тарихы» курсын меңгеру үшін студенттер келесі пәндерді қосымша оқу қажет: - Ежелгі дәуір әдебиеті - Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет 1.7 Курстың постреквизиті: 1. Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті (20 және21 ғ. Бас кезі) 2. Әдебиет теориясы. 3. Абайтану. 4. Шығыс әдебиетінің тарихы. 5. Әдебиет теориясы. 6. Қазақ әдеби сынының тарихы. 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: Кесте 1
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ) Кесте 2
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 ХІХ ғасыр әдебиетінің жиналып зерттелуі. Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы. 5.2 М.Өтемісұлының әдеби мұралары. 5.3. Ш.Жарылғасұлының өмірі мен туындылары. 5.4.Шөже Қаржаубайұлының өмірі мен шығармашылығы. 5.5.Орынбай Кертағыұлының әдеби мұралары. 5.6.М.Жүсіпқожаұлының өмірі мен шығармашылығы. 5.7.Шортанбай Қанайұлының әдеби туындылары. 5.8.Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы 5.9.Нұрым Жыршығұлұлының әдеби мұралары 5.10. Құлыншақ Кемелұлының өмірі мен шығармашылығы 5.11.Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұрасы 5.12. Базар Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы 5.13. М Мөңкеұлының әдеби туындылары 5.14. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы 5.15.Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғалымдық қызметі 5.16.Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы 5.17. Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетінің классигі. 5.18. Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы (сал-серілер,әнші-ақындар) 5.19. Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы,Көкбай Жанатайұлы 5.20 .Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың шығармашылығы 5.21.Әсет Найманбайұлының өмірі,шығармашылығы 5.22 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипаты 5.23 Поэзия, проза, драматургиялық шығармалардың дүниеге келуі. Аударма, көсемсөз жанрының өркендеуі. Қазақ әдебиетінің тақырыптық аясының кеңеюі. 5.24 Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны 5.25 Шәді Жәңгірұлының шығармашылық өмірбаяны, дастандары. Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы, ақындығы. М.Байзақұлының шығармашылық өмірбаяны,өлеңдері. 5.26 М.Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы өлеңде-ріндегі ауыз әдебиеті үлгілері. Заман мәселесіне арналған түрлі мақала-лары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері. 5.27 С.Торайғырұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әр алуандағы поэмалары, көсемсөз саласындағы еңбегі. 5.28 Ш.Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны, Лирика жанрына дамуындағы үлесі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары. 5.29 М.Сералиннің шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі екендігі. «Айқап» арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Ондағы мақалалар тақырыбының сюжетті поэмалар жазғандығы. 5.30 Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы. Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. «Қырық мысал» жинағы «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі «Қазақ» газетінде сан алуан тақырыптағы мақалалары. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы. Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы «Ерсайын», «23 толғау». 5.31 М.Дулатұлының шығармашылық өмірбаяны, ақындығы «Оян, қазақ», «Азамат» жинағы. «Бақытсыз Жамал» романы. Тілінің шұрайлығы. Композициялық құрылымы. Көркем прозаға қосқан үлесі. 5.32 С.Дөнентайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық демократтық бағытта шығарма жазғандығы, мысал өлеңдері. 5.33 Ғ.Қарашұлының шығармашылық өмірбаяны 5.36 .М.Дулатұлының шығармашылығы 5.37 Ж.Аймауытовтың шығармашылығы. 5.38 М.Жұмабаевтың шығармашылығы. 5.39. Б.Майлиннің шығармашылығы. Заман мәселесіне арналған түрлі мақалалары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері. 5.40. С.Сейфуллиннің шығармашылығы 5.41 І.Жансүгіровтің шығармашылығы. қазақ әдебиетінің ұлттық сөз өнерінің даму процесіндегі мәні, халықтың мәдени тарихында алатын орны. 5.42.1916 жылғы Ұлт- азаттық көтерілісіне байланысты әдебиет. Көтерілістің шығу себептері. Халық ақындары жырларының тақырыптары. 5.43. Қазан төңкерісі және әдебиет.
6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ Кесте 3
7ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі әдебиеттер 1.Х.Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы А-2006,904 б 2.Досмұхамедұлы Х.Аламан. А,1991. 3.Әуезов.М Әдебиет тарихы А-91240б 4.Байтұрсынов А Әдебиет танытқыш Ақ жол А-91 5 Мәдібай, Қ.Қ ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті :оқу құралы /. - 2001 6 Қазақ әдебиетінің тарихы. 4-5том Жалпы ред. басқ. А. Егеубаев 2005 7 Мәдібай Қ. .Қ ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2-ші кітап: оқу құралы. - 2004 8 Мағауин М Ғасырлар бедері А-91 9 Мәдібай К Зар заман ағымы А-97 10 Мұқанов С.Қазақтың ХYIII-ХIХ ғ қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер 1-бөлім А.2002 11 XIXғ қазақ поэзиясы А-1985 12 XIXғ қазақ ақындары А-1988 13 Омаров Б Зар заман поэзиясы А-2000ж 14 Қоңыратбаев.Ә Қазақ әдебиетінің тарихы. А-1994 15. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті (1900-1917) /Жалпы ред. басқ. А. Егеубаев, Ж. Ысмағұлов. - 2006 16. Әбдиманұлы, Ө ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті :оқулық /. - 2012 17.XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994. 18. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.7-ші кітап :жоғары оқу орындары студ.арналған оқулық /Кенжебаев, Б. – 1993 19.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1- кітап – Алматы, «Қазақ университеті»2001,467-бет 20. Қазақ әдебиеті (1920-40жж) :әдістемелік нұсқау /Р.Тұрсынбек / - 2002
8.2 Қосымша әдебиеттер: 1 Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б. 2 Жанпейісова С.С. Қазақ прозасындағы әнші ақындар бейнесі: Филология ғылымд. канд. дис. автореф. / әл- Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы, 2010.- 30б. 3 Жүнісов С. Ақан сері: Роман. 1-2-кітап.-Алматы: Жазушы, 2008.- 397б. 4 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы: Көп томдық. Т.17 -Астана: Астана полиграфия, 2010.- 320 б. 5 Қыраубаева А. Шығармалар жинағы. 5-томдық. Т.3. Шығыстық қисса- дастандар.- Алматы: Өнер, 2010.- 342 б. 6 Махамбет.Жорық жырлары 2007.-404 б. 7 Нар заман мен зар заман поэзиясы: (Асанқайғыдан Кердері Әбубәкірге дейін): Жыр- толғаулар.- Алматы: Раритет, 2007.- 375 б. 8 Сүйінбай А. Бөрілі менің байрағым: Жыр толғау, айтыстар, естеліктер. – Алматы:, 2009.- 271 б. 10 Алтынсарин Ы. Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері- Астана: Алтын кітап, 2007.- 164б. 11 Ахметов З. Таңдамалы. Т.1 Алматы: Ана тілі, 2008.- 279б 12 Базар ж. Шығармалары. Қорқыт Ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті.- Астана: Фолиант, 2008.- 379 б.- (Сырдария кітапханасы). 13 Баймыш Л.Қ. Орталық Қазақстан ақындары шығармашылығындағы отаршылдыққа қарсылық көрінісі: Филология ғылымд. канд... дис. автореф. -Астана, 2010.- 30 с. 14.Ербай Т.М. Абай шығармашылығындағы Бұқар, Дулат, Шортанбай дәстүрі: филолог. ғылымд. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис. автореф. - Алматы, 2009.- 30 б. 15. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы, 1990 16. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы, 1995. 17. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы, 1990 18 Еспенбетов А,С С.Торайғыров А-1992 19. Шаяхметов Қ Шартарап Семей-Новосибирск,2006 20.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995. 21. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. – Алматы, 1988 22. Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. Семей, 2010 жүктеу/скачать 267,18 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |