Бақылау сұрақтары:
1.Когнитивизм нені зерттейді?
2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?
3.Когнитологияның қарастыратын мәселелеріне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
№7 тақырыбы: Когнитологияның жеке тармақтары.
Мақсаты: Когнитологияның жеке тармақтарын зерттеу
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік психология («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы.
Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.
2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік психологияның нені зерттейді?
2. Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселесіне не жатады?
3. Когнитивтік антропология нені зерттейтін ғылым?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
№8 тақырыбы: Тіл мен таным бірлестігі.
Мақсаты: Тіл мен таным бірлестігін айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Ғаламдағы заттар мен құбылыстарға атау берумен қатар, олардың ерекшелігін танып білуде таным үдерісінің екі жолы мен оның қызметін зерттеушілер былайша түсіндіреді.: «Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным. Бұл жолдың екеуі де бір – бірімен тығыз байланысты және бірін – бірі толықтырып байытып отырады.
Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі ғалымдардың атасы саналатын Аристотель, Платон, Әл–Фараби еңбектеріндегі тіл философиясынан алады.
Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Адамзат баласының шындық болмысты танып білуі барлық халықта бірдей екендігі анық. Яғни таным – түсінік арқылы емес, ми қызметі арқылы жүзеге асады. Ми қызметі арқылы адам дүниені таниды. Ал осы танымның нәтижелері тілдік таңбалар арқылы тілден көрініс табады. Олай болса, тіл – ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі неден басталады?
2.Тіл – ойлау мен таным құралы, ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы қалай көрінеді?
3. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі жайлы не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
№9 тақырыбы: Тіл мен сана.
Мақсаты: Тіл мен сананың өзара байланысы жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады.
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті
Бақылау сұрақтары:
1. Таным дегеніміз не?
2. Неліктен сана — қоғамдық құбылыс дейміз?
3. Тіл мен сананың өзара байланысы неден көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
№10 тақырыбы: Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
Мақсаты: «Ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі», «ғалам моделі» ұғымдары туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді.
Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны «ғаламның тілдік құрылуы» деп атады.
Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы «ғалам моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам моделі – концептуалды табиғатқа ие құрылым.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз не?
2. «Ғаламның тілдік бейнесі» терминін философия мен логикада енгізген қай ғалым?
3. Ғаламның тілдік құрылуы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.
№11 тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистика және тілі білімінің салаларын зерттеп жеткізу
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары – прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады.
Теориялық және қолданбалы лингвистиканың жаңа саласы ретінде когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы қандай?
2.Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикологиямен байланысы қандай?
Ұсынылатын і әдебиеттер:
1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.
№12 тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
Мақсаты: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихын ашып жеткізу
Әдістемелік нұсқаулар: Концепт– адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. 1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырса, қазіргі таңда бұл ұғымның аясы кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары, сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттеген кімдер?
2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері қандай?
3. «Концепт» дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.
№13 тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
Мақсаты: Когнитивтік ұғымдар ерекшелігін дәлелдеп зерттеу
Әдістемелік нұсқаулар: Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым – Ч.Филлмор. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы” деген анықтама беріліп, басты өзгешелігі ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы” өзектеліп отыр.
Білім. Бұл „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет” деп танылатын термин үнемі дамып, толығып отыратын функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады. Гештальт. Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды тілдің терең мағыналы ерекше бірліктері ретінде қарастыру керектігін атап өтті.
Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік ұғымдарға қандай ұғымдарды жатқызамыз?
2.Фрейм, сана, білім, жады, прототип, гештальт дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .
№14тақырыбы: Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі
Мақсаты: Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесіне көз жеткізу
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады. «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зерттеліп келеді.
Қазіргі таңда көркем әдебиет тілін таным тұрғысынан қарастыру, қаламгерлердің сөз қолдану ерекшелігі мен автор бейнесі ретінде ғаламның тілдік бейнесін жасаушы жазушының тілдік тұлғасын талдау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде тілдік тұлға мәселесін зерттеген кімдер?
2. Тілдік тұлға дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.
№15 тақырыбы: Концептуалдық талдаудың рөлі.
Мақсаты: Концептуалдық талдау жайлы түсініктеме беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз.
Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным.
2.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
СӨЖ
|
Тексеру формасы.
|
1.С.Аманжоловтың «Сөйлесу мен ойлау» туралы пікірлері экстралингвистика нысаны ретінде.
|
Конспект
|
2. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.
|
Конспект
|
3.Когнитивтік лингвистика: зерттеу нысаны мен мақсаты.
|
Конспект
|
4. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау.
|
Презентация. Слайд
|
5. Тілтану мәселелері пәнаралық байланыс негізінде.
|
Презентация. Слайд
|
6. Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
|
Конспект
|
7. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдері: сана, зерде, ой, білім, концептуалдық жүйе, когниция, дүниенің тілдік бейнесі.
|
Презентация. Слайд
|
8. Көркем шығарма тілінің танымдық сипаты.
|
Реферат
|
9. Тіл және таным.
|
Конспект
|
10. Мақал-мәтелдердің танымдық ерекшелігі.
|
Презентация. Слайд
|
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары
1.
|
Тіл бірліктеріндегі мифтік жүйеің орны.
|
2.
|
Теологиялық танымның тілдік сипаты.
|
3.
|
Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.
|
4.
|
Діни лексиканың танымдық ерекшелігі.
|
5
|
Когнитология ғылымының даму барысы.
|
6.
|
Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.
|
7.
|
Адамзаттық танымның тамырластығы.
|
8.
|
Концепт терминінің теориялық негіздері.
|
9.
|
Тілдің қоғамдық сипаты.
|
10.
|
Тілдің әлеуметтік сипаты.
|
11.
|
Сөзжасам ғылымы мен таным үдерісінің байланысы.
|
12.
|
Таным категориясының ұлттық сипаты.
|
13.
|
Жалпыадамзаттық таным мәселесі.
|
14.
|
Қазақ тіліндегі мәдени-танымдық сөздердің когнитологиялық сипаты.
|
15.
|
Адам өміріндегі сөздің магиялық сипаты
|
Достарыңызбен бөлісу: |