2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен һ биіктікке бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау. Денені жоғарыдағы таңдап алынған һ биіктігіне тік көтерудің орнына,
, күшін түсіріп ұзындығы l көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де
болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың
алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен ( ), оның есесіне жол-
дан ұтыламыз (l>h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген , жұмыс
мынаған тең:
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда және
жұмыстары бір-біріне тең: = , немесе h= l.
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс
пайдалы жұмыстан іс жүзінде үлкен: > .
Жұмыстың барысы: 1) Тақтайды көлбеу орналастырыңдар (сурет 5.19) (h биіктік пен
көтеретін білеуше өзгеріссіз қалуы керек);
2) көлбеу жазықтықтың l ұзындығын өлшеңдер;
3) білеушеге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен
жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, , тарту күшін
өлшеңдер;
4) білеушені көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде
істелетін жұмысты есептеңдер.