5 зертханалық ЖҰмысының Әдістемелік нұСҚауы



бет2/5
Дата24.12.2021
өлшемі35,96 Kb.
#128583
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЗЕРТХАНА-5

Əдістемелік ұсыныстар:

Жұмыстың мақсаты өндірістік ағынды сулардың жəне активті илдің негізгі сипаттамаларын (ОБҚ, ОХҚ, ил индексі) анықтауға дағдылану.

Технологиялық факторлардың (активті илдің концентрациясының, активті илге ОБҚ жүктемесінің, ағынды сулардың құрамының, температураның, рН, ауа шығынының жəне т.б.) ағынды суларды биологиялық тазарту əдісіне əсерлерін зерттеу.

Биологиялық тазарту əдісі құрамында бейорганикалық жəне органикалық заттардың үлкен тобы бар ағынды суларды заласыздандырудың болашағы зор əдістерінің бірі.

Ағынды суларды биологиялық тазарту əдісі органикалық заттарды тірі организмдердің қатысуымен ыдыратуға негізделген.

Ағынды суларды тазартудың толық схемасы механикалық жəне биологиялық тазарту стадияларынан, ағынды суларды залалсыздандыруданжəне алынған тұнбаларды өңдеуден тұрады.

Биологиялық əдістің мынадай жетістіктері бар: ағынды сулардан əр түрлі органикалық қосылыстарды бөліпалу мүмкіндігі, аппаратурасы қарапайым, эксплуатациялық шығыны көп емес.

Осыған байланысты, тазарту ғимараттарын салуға жоғары капитальдық шығын қажет болса да, ағынды суларды биологиялық тазарту əдісі өндірістік жəне тұрмыстық шаруашылықта кең қолданыс тауып отыр.

Тазарту тиімділігі органикалық жəне бейорганикалық заттарды активті ил арқылы утилизация жасаумен жүзеге асырылады.

Активті илдің микроорганизмдері мен қарапайымдарының өздерінің тіршілік барысында, ең күрделі химиялық қосылыстарды (углеводтарды,белоктарды, майларды, ароматты, алифатты, полициклді көмірсутектерді жəне олардың туындыларын, азот, күкірт қосылыстарын жəне кейбір металдарды) утилизация жасауға қабілеттері бар.

Күрделі заттардың ыдырауы микроорганизмдердің клеткаларындағы каталитикалық активтілігі жоғары катализатор-ферменттер (энзимдер) арқылыжүзеге асады.

Ферменттер клетканың мұқтаждығына сəйкес өндіріледі, кейбір ферменттер тек қажеттілік болған кезде ғана өндіріледі (индуцирленген жəне индуктивті ферменттер).

Организмдердің индуктивті ферменттерінің болуы, оның зат алмасуының жоғары активтілігін қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға жоғары биімделу қабілетін қамтамасыз етеді.

Ағынды суды тазартудың маңызды көрсеткіштерінің бірі активті илдің биомассасының өсуі жəне клеткалардың өсу жылдамдылығы.

Биомасса өсуі биохимиялық ыдырауға ұшырайтын (ОБҚ) органикалық заттардың мөлшерінің, ағынды сулардың құрамындағы органикалық заттардың жалпы мөлшеріне (ОХҚ) қатынасына байланысты. Бұл қатынастың шамасы үлкен болған сайын, биомассаның өсуі де үлкен, себебі ол ОХҚ мен ОБҚ арқылы бағаланатын органикалық заттардың мөлшерінің айырмашылығына байланысты. Сонымен қатар, биомассаның өсуіне микроорганизмдердің тіршілік жағдайлары да əсер етеді.

Биомассаның өсуін шамамен есептеу үшін төмендегі теңдеуді қолдануға

болады:
G = К*(ОХҚ – ОБҚ),

Мұндағы: G – аэротенктегі активті ил биомассасының өсуі, толық тазартуға есептелген, мг/кг;

К – пропорционалдық коэффициенті, илдің сапасын сипаттайды (өндірістік ағынды сулар үшін К = 0,1 – 0,9).
Биомассаның қосынды өсімін салмақтық əдіспен анықтау ұсынылады.

Биологиялық тазарту əдісін лабораториялық жағдайда, екі бағанадан тұратын

биототықтырғыштарда жүргізеді.

Бірінші бағанада, бағанаға құйылған ағынды судың құрамындағы органикалық заттарды биологиялық тотықтырады.

Екінші бағанада активті илдің регенерациясын жүргізеді. Екі бағанаға да ауа беріліп

тұрады.


Қондырғыда жұмыс істеу үшін, бағананы тазартылатын сұйықпен толтыру қажет, ауа беретін қондырғыны қосу жəне ауаның қажетті мөлшерін тағайындау керек. Тазартуды оқытушының тапсырмасына сəйкес жүргізу қажет. Бағананың жұмысын тоқтату үшін, ауа беретін қондырғыны өшіру жəне ауа беретін тетіктерді жабу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет