#include void main() { int k, y; for (k=1;k<=10;k++) { // цикл денесінің басы
if (y*y-5>60) break; //егер y>60 болса, for циклынан шығу
cout<// y мәндерін экранға шығару
} // цикл денесінің соңы
}
continue операторы
continue операторы break операторы сияқты цикл операторларының ішінде қолданылады, бірақ одан айырмашылығы бағдарламаның орындалу барысы оператордан тоқтатылған оператордан кейінгісінен емес, тоқтатылған оператордың басынан жалғасады.Оператордың форматы төмендегідей. Мысалы:
int main()
{ int a,b;
for (a=1,b=0; a<100; b+="a,a++)" { if (b%2) continue; ... /* оң суммаларды өңдеу */ } return 0; }
Сандар суммасы 1-ден а-ға дейін тақ болса, continue операторы басқаруды жұп сумманы өңдеу операторын орындамай, for циклының келесі итерациясына береді.
Бірақ continue және break операторларын өте байқап қолдану қажет, себебі оларды қолдану while қарапайым циклының өзін жаңылдыруы мүмкін. Бұлар goto операторынан кейін ең қауіпты операторлар.
return операторы
Функциядан қайтып оралу операторы – return функцияның орындалуын аяқтап, басқаруды оның шақырылу нүктесіне береді. Оператордың жазылуы: return [ өрнек ];
Өрнек скалярлық типте болуы керек. Егер функцияның қайтаратын мəнінің типі void ретінде сипатталса, өрнек болмауы тиіс.