57 Кесте Тамыр жемістердің биологиялық ерекшеліктері


Биологиялық ерекшеліктері



бет2/3
Дата27.04.2020
өлшемі12,72 Kb.
#64894
1   2   3
Байланысты:
sunkar1

Биологиялық ерекшеліктері.Қант қызылшасы басқадай мәденеи тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.

Қант қызылшасының бірінші жылынжағы вегетациялық кезең ұзақтығы 150-170 , ал екінші жылы – 100-130 күн. Қант қызылшасының тұқымы 3-50C өніп шыға бастайды. Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан. Тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақттары жойылуы керек.

Қант қызылшасы өсу жағдайында өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын — шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділіг мен оның қаттылығы төмен болды.

Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп, жетілуіне,сондай — ақ қант, көмірулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді.

Вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы – 2400 0C. Өсіп жетілуіне оңтайлы температура – 20-220C. Қант қызылшасы Алматы және Жамбыл обылыстарында сұр топырақ жерлерде өсіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет