Электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсіндіру, асқын өткізгіштік ұғымымен таныстыру сабақтың негізгі мақсаты.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі кедергі термометрлерін, яғни температураларды өлшейтін құралдарды жасағанда пайдаланылады.
Просмотр содержимого документа
«Электр кедергісінің температураға тәуелділігі.Асқын өткізгіштік»
8 а ,ә сынып № 37 сабақ __________
Сабақтың тақырыбы: Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік
Сабақтың мақсаты: электр кедергісінің температураға тәуелділігін түсіндіру, асқын өткізгіштік ұғымымен таныстыру.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, амперметр, вольтметр, кілт, өткізгіштер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаға тәуелді?
2.Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңдар?
3.Кедергі деп нені атайды?
4.Электр кернеуі деп нені айтады?
5.Кернеуді қалай өлшейді?
6.Өткізгіштің меншікті кедергісі дегеніміз не?
7.Электр кедергісінің анықтамасын тұжырымдаңдар?
IV. Жаңа сабақ
Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай тәжірибені жасайық. Спираль сияқты ілінген темір сымды ток көзі мен амперметрден тұратын тізбектей қосамыз. Амперметрдің көрсетуін анықтап алып, спиральды шамның жалынына ұстап қыздырамыз.Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді? Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады Темір спиральды басқа металдан жасалған өткізгішпен ауыстыра отырып қыздырған кезде барлық металдардың кедергісінің артатынын байқаймыз.
1. Металдар кедергісінің температураға тәуелділігі.
Қыздырылған кезде металдар кедергісі сызықты түрде заңдылығы бойыншы өзгереді, мұндағы R0 -өткізгіштің 00С тағы кедергісі, α-кедергінің температуралық коэффициенті.
; α-өткізгіштің температурасы 10С –қа өзгергенде 00С-тағы кедергісімен салыстырғандағы өзгеруін көрсетеді. Металдар үшін α0, температураның өзгеруімен аздап өзгереді. Электролиттер үшін α0, температураның артуымен кедергі азаяды, себебі оң және теріс иондарының саны артады.
2. Кедергісінің температураға тәуелділігінің графигі.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігін график түрінде көрсетуге болады. (85-сурет)
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі кедергі термометрлерін, яғни температураларды өлшейтін құралдарды жасағанда пайдаланылады.
3. Асқын өткізгіштік құбылысы.
Асқын өткізгіштік деп таза металдар (мырыш, алюминий, қалайы, сынап, қорғасын және т.б) мен бірқатар қоспалар кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.
Асқын өткізгіштік құбылысының ашылу тарихынан.
Асқын өткізгіш материалдар жасалу маңызы.
Кейбір заттар үшін кедергінің температуралық коэффициенті α, К-1
Вольфрам
|
0,0050
|
Нихром
|
0,0002
|
Константан
|
0,000005
|
Реотан
|
0,0004
|
Манганин
|
0,000008
|
Фехраль
|
0,0002
|
Никелин
|
0,0001
|
|
|
Есептер шығарту. 19-жаттығу (8,9)
V. Жаңа сабақты бекіту.
1.Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі қандай? Бұл құбылыстың себебі неде?
2.Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесіңдер?
VІ. Үйге тапсырма §42 оқу
VIІ.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |