5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет42/75
Дата06.02.2022
өлшемі335,97 Kb.
#54202
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқытуды жаңадан пайда болған оқыту технологиясы деп есептеуге болмайды. Проблемалық оқыту элементтерін Сократ еңбектерінен, Ж.Ж.Руссоның сабақ жоспарларынан (Эмеляға арналған) кездестіруге болады. Әсіресе К.Д.Ушинский бұл мәселені көп қарастырған. Ол «Сократ әдісі» деп аталып кеткен Сократ әдісінің тиімділігі бұл әдісті барлық жастағы балаларға, яғни кез келген сыныпта қолдануға болатындығында деп есептейді. «Сократ не навязывал своих мыслей слушателям, но, зная, какие противоречия ряда мыслей и фактов лежат друг после друга в их слабо освещенных сознанием головах, вызывал вопросами эти противоречащие ряды в светлый круг сознания и, таким образом, заставлял их сталкивать, или разрущать друг друга, или примиряться в трерьей их соединяющей и уясняющей мысли»-деп көрсетеді К.Д.Ушинский [ 1].
Проблемалық оқыту тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды да, оны жан-жақты зерттеу 60 жылдардан басталды. Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М.А.Данилов, М.Н.Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды. Проблемалық оқыту мәселесімен Т.В.Кудрявцев, Д.В.Вилькеев, Ю.К.Бабанский, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер сияқты ғалымдар да айналысты. Қазіргі кезеңде де бұл мәселемен басқа да педагогика ғылымы өкілдері қарастыруда.
Мектептің негізгі міндеті үйлесімді дамығын тұлға қалыптастыру екендігі белгілі. Қазіргі педагогика ғылымы саласында баланы оқыту үрдісінде жалпы дамыту мәселесі жан-жақты зерттелуде. Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның негізгі көрсеткіші – ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейде болуы. Яғни, оқыту арқылы. Арнайы педагогикалық әдістер арқылы баланың ойлау қабілетін қалыптастыра отырып, жалпы дамуына жол ашылу керек. Мұндай оқыту түрін педагогика өкілдері проблемалық оқыту деп атайды.
Проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді. В.Оконь проблемалық оқыту «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы деп есептесе [ 2 ], Д.В.Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың маңызы «Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің шешімін табуға қатысыуында»,- деген ой түйіндейді [ 3 ]. В.Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау. Мұндай пікірді М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский сяқты ғалымдар да қолдады. Мысалы М.И.Махмутов «Проблемное обучение. Основные вопросы теорий» деген еңбегінде проблемалық оқытуға мынандай анықтама береді: «Проблемное обучение - это тип развивающего обучения, в котором сочетаются систематическая самостоятельная поисковая деятельность учащихся с усвоением ими готовых выводов науки, а система методов построена с учетом целеполагания и принципа проблемности; процесс взаимодействия преподавания и учения ориентирован на формирование познавательной самостоятельности учащихся, устойчивости мотивов учения и мыслительных (включая и творческие) способностей в ходе усвоения ими научных понятий и способов деятельности, детерминированного системой проблемных ситуаций»
[ 4 ]. Көріп отырғанымыздай, проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған және ол оқыту арқылы іске асырылады. Бұдан проблемалық оқыту оқушылардың ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде және оладың ой-өрісін өз бетінше шығармашылық жолмен дамыту нәтижесінде жүзеге асады деген қорытынды жасауға болады. Проблемалық оқыту оқушы ой-санасын белсендіретін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын белсенділіктің мәні оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен айқындалады. Басқаша айтқанда, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан, меңгерген білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту болып табылады. Оқушыға бұрыннан игерген білімдерін жаңа проблемалық жағдайды шешуде қалай паудалану керектігін оқытушы да көрсетіп бере алмайды, кітаптан да ала алмайды. Ол тек оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы ғана іске асатын үрдіс. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушы өзі ізденеді, зерттейді, анықтайды, жаңа мәселелердің түйінін шешеді.
Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, оқушы оқытушының берген тарсырмасын өз бетімен орындауы, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешрейді. Бұл да оқытудың белсенді түрі блдады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде іске асырады. Ол проблемалық оқыту белсенділігі бола алмайды. Проблемалық оқыту белсенділігі оқушылардың өз бетінше шығармашылық жолмен ой-өрістерін дамыту, білімдерін жетілдіру болып табылады. Оқушылардың ой-өрісін шығармашылық жолмен белсендіру танымдық қызығушылықты қалыптастыратын проблемалық жағдайлардың туындауымен байланысты. Проблемалық жағдай дегеніміз - өзіне күрделі әрі қиын қандай да бір тапсырмаларды шешуге қажетті мәліметтерді оқушының өзінің іздеп табуы. М.А.Матюшкин сөзімен алсақ, проблемалық жағдай дегеніміз «особый вид умственного взаимодействия объекта и субъекта, характеризующийся таким психическим состоянием субъекта (учащегося) при решении им задач, который требует обнаружения (открытия или усвоения) новых, ранее субъекту неизвестных знаний или способов деятельности» [ 5 ].
Осы айтылғандарға орай, қандай жағдайда проблемалық жағдай туындайды және оны шешудің жолдары қандай? деген сұрақ туындайды.
Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек:

  1. Проблемалық сұрақтарды студенттердің білмеуі;

2 Проблемалық сұрақтарды шешуде студенттердің бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.
П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай деп көрсетеді:
1 Проблемалық жағдай туғызу.
2 Проблеманы шешу жолдарын іздестірі және оған өз ой тұжырымын беру.
3 Қиындық тудырған мәселеге талдау жасау, себебін іздестіру және оны шешудің ғылыми болжамын беру.
4 Білімін жетілдіру арқылы берген ғылыми болжамын дәлелдеу.
5 Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу.
Зерттеу нәтижесі проблемалық жағдай мынандай жағдайларда туындауы мүмкін екендігін көрсетті (барлық пәндер бойынша).
1 Оқушы қойылған мәселенің шешіімн табу әдісін білмеген жағдайда, проблемалық сұраққа жауап бере алмағанда және жаңа фактіге түсініктеме бере алмаған жағдайда, яғни жаңа ұғымды түсіндіру үшін бұрынғы алған білімнің жетіспеуі кезінде проблемалық жағдай туындайды.
2 оқушының бұрынғы меңгерген білімін тәжірибеде қолдану қажеттігі туындаған кезде және оны тәжірибеде қолдану үшін білімнің жетіспеушілігі анықталған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Білімнің жетіспеушілігін түсінген жағдайда оқушыда танымдық қызығушылық пайда болып, ізденімпаздылыққа ынталандырады.
3 Мәселені теориялық тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны тәжірибеде жүзеге асыру тәсілі арасында қарама-құайшылық болған жағдайда проблемалық жағдай оп-оңай туындайды.
4 Керісінше, мәселені тәжірибелік тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны теориялық тұрғыда негіздеуге мүмкіндік болмаған жағдайда проблемалық жағдай туындайды.
Ал оқу үрдісінде проблемалық жағдай тудырудың дидактикалық негіздері төмендегі 4 түрлі мақсатты іске асыруды көздейді. (немесе заңдылық)
1) Қойылған проблемалық сұраққа, мәселеге т.б. оқушының назарын аударту, оның танымдық қызығушылығын ояту;
2) Оқушының ойлау қабілетін белсендіруге ықпал ететін күрделі танымдық тапсырмалар беру;
3) Оқушыға берілген танымдық тапсырманың, мәселенің негізгі түйінін шешуге, қиындықтардан шығу жолдарын іздестіруге көмектесу;
4) Тығырықтан шығудың ең тиімді жолдарын іздестіруге бағыттау.
Проблемалық жағдайлар тудырып, оны шешу дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытуға, интеллектісі мен зейінін арттыруға мүмкіндік туады.
Проблемалық оқытудың мән мағынасын ашу үшін дәстүрлі оқыту әдісі мен проблемалық оқыту әдісін салыстырып өткен жөн.
Басқа оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі – оқытудың мақсаты жөнінен, екіншісі – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен. Біріншісі бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде материал дайын күйінде беріледі, оқытушы ең алдымен бағдарламаға мәне береді. Проблемалық оқытуда мұнда әдебиеттерде көрсетілген дайын білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды студенттердің өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді. Екінші айырмашылық бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде оқушыда әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды, ол қиындықтарды жеңе алмайды, себебі оқушы үшін мұғалім жұмыс жасайды, оқушының ізденуіне, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіруге мұғалім мүмкіндік бермейді. Проблемалық оқыту әдісінде оқытушы оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Қойылған мәселені шешу барысында барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығады, себебі оқушы өз бетімен белсенді жұмыс жасайды. Яғни, проблемаларды студенттердің өздерінің шешуіне жол ашылады.
Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері.
Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі, ол өз кезегінде оқушылардың білімді берік сапалы меңгерулеріне, ойлау қабілеттерін, білік, дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.
Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру болса, үшінші ерекшелігі теориялық және тәжірибелік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады.
Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өздік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады.
Оқушылар өздік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады жаңа білім, білік, дағды меңгереді.
Бесінші ерекшелігі дидактиканың жеке бағдарлы оқыту ұстанымымен анықталады. Әр түрлі қиындық деңгейіндегі оқу проблемаларын әр оқушы әрқалай қабылдайды және оның шешімін әркім әрқалай шешеді. Осыған сай бірнеше ғылыми болжам, дәлел, түсінік беріледі де, оқушылар оны салыстыра отырып, өз ой-пікірлерін, болжамдарын дәлелдейді.
Проблемалық оқытудың алтыншы ерекшелігі - “ойлауды белсендіру”. Проблемалық оқыту технологиясының міндеттерін іске асыруда, яғни, оқу мазмұнын толық ұғынып, одан белгілі бір нәтиже шығаруда ой негізгі рөл атқарады. Ойлау – адамның таным әрекетінің ең жоғарғы формасы. Ол – күрделі психикалық үрдіс. Көрнекті кеңес психологі Л.С. Выготский оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе, оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етуі тиіс дегенді айтады [55,300]. Бұл жерде оқушылардың ойлау әрекетін үнемі белсендіріп отыру көзделеді.
Проблемалық оқытудың жетінші ерекшелігі бойынша, оқушылардың “шығармашылық ойлауын” жетілдіру арқылы олардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өзіндік ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру көзделеді.
Проблемалық оқыту технологиясы ерекшеліктерінің ішіндегі алғашқы үшеуі ең маңызды болып есептеледі, өйткені біріншісі – білімнің беріктігін, екіншісі - өз көзқарасын қалыптастыру мен қорғауды, үшіншісі – меңгерген теориялық білімді өмірде қолдана білуді қамтамасыз етеді. Ал қалған ерекшеліктер осы үш ерекшеліктің тиімділігін арттырып, жетілдіре, толықтыра түседі.
Проблемалық оқыту технологиясының көрсетілген ерекшеліктеріне қарай, проблемалық оқытудың түрлері анықталады.
Проблемалық оқытудың түрлері:
1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.
2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.
3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем шығарма жазу, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б.
Проблемалық оқыту түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Оқушының ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге, сол арқылы белсенді тілдік қатынасқа түсуге мүмкіндік туындайды. Өйткені ол белгілі бір мәселені шешу бойынша ой бөліседі, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Бұның бәрі тілдік қатынасқа түсудің бірден-бір жолы және соқушының өзіндік жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Яғни, проблемалық оқыту дегеніміз – оқытушы мен оқушының бірлескен оқу және іздену, зерттеу әрекеті. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет