5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Орындаған күндізге оқу бөлімінің



бет5/9
Дата24.12.2021
өлшемі1,26 Mb.
#104756
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс

Педагогикалық сөздікте – «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланыс - деп аталған.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

«Музыка» пәнінің бағдарламасында барлық бөлімдер бойынша дыбыстың жоғарылығын естіп қабылдау және ырғақты сезіну дағдыларына баса назар аударылады. Барлық іс-әрекет түрлері шынайы өмірмен байланысты және дағдылардың бірі тікелей практикада қолданылады, ал басқалары шығармашылық ойлау потенциалын дамытады. Әсіресе, үнемі ырғақты сезінудің сақталуына, мысалы бірдей бастау мен аяқтауға баса назар аударылады. Мұғалім оқушылардың музыкалық дағдылары даму деңгейін қалай бағалайтынын бақылайды. Мұғалім тоқсанның/жартыжылдықтың/ оқу жылының соңында музыкалық  жоба ретінде келесі іс-әрекеттерді: жеке, ансамбльмен ән салу және аспапта ойнау, оны концерттік, музыкалық қойылым  және тағы басқа да формасында ұйымдастырып қолдануына болады. Тиісті терминология  мен ескертулер білімді қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс. Мұғалім тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді көрсетуі оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру, оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен маңызды шешім қабылдауға қолдау көрсетеді [25].

Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. ол пәндерге бейнелеу, еңбекке баулу, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай қоршаған орта, өзін-өзі тану, жаратылыстану т.б. пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып, байланысқа түсе береді. Жаңа тақырыпты түсіндіруде пәнаралық байланыс күнделікті іс-тәжірибеде кеңінен пайдаланылады. Бұл оқушының бұрыннан меңгерген білімі мен дағдысына сүйене отырып, жаңа білімді меңгеруіне мүмкіндік береді.

Шығармашылық процесс шексіз болып келеді. Музыкалық идеяларды ұйымдастыру, материалдарды жинақтау, жазу және импровизация, жұмыстың көрсетілімі, талдау және бағалау шығармашылық үдерістің кез-келген кезеңінде, бөлім бойынша, жеке сабақ уақытында да жүзеге аса алады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында мұғалім кері байланыс үшін жазып алуы мүмкін. Мұғалім, мысалы, барлық бейресми концерттер мен іс-шараларда жүргізілген жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөле алады. Оқушылар өздері жасаған аспаптарында, дыбыстармен қарапайым тәжірибелер жасайтын болады. Оқушыларға шығармашылық жұмыстарының  қағазбен басып шығарылған немесе электронды портфолиосын жинақтау ұсынылады. Ұсынылып отырған оқу жоспарында әр бөлімге сілтемелер келтірілген. Оқушылардың нәтижелерін жақсарту, белгілі бір әдістерді қолдану, тәжірибелер жүргізу немесе жаңа идеяларды дамыту үшін материалдардың ұсынылуы тиімді болуы қажет. Оқушылардың өткен бөлімдерде жасаған жұмыстарына шолу жасауға мүмкіндігі бар. Олар өз жұмыстарын іске асыру үшін игерілген процестерді, әдістер мен материалдарды пайдалана алады. Мұғалім әр сабақтың жұмыс үдерісі кезінде, оқушыларға музыкалық аспаптарды қолдану мен сақтау ережелерін, көрермен алдында өзін қалай ұстау мәдениетін  түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін  сақтауын қадағалайды .

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізуге, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,  шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығы  баяндалады. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі бастауыш сыныптарының барлық пәндері бірдей тақырып негізінде өрби отыра беріледі. Оқытудың небір жаңа әдіс-тәсілдері құндылыққа, тұлғаға, іс-әрекетке бағытталған. Осы білімнің ортақ қорытындысы «Музыка» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалау жүйесін  қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Өнер сабақтарының оның ішінде музыка пәнінің, басқа да мектеп пәндерімен психологиялық, педагогикалық ортақтығы мол, түпкі мұраты бір, ол - мәдениетті тұлғаны дамытып қалыптастыру. Дей тұрғанмен, музыка сабақтары әсерлік қуатының молдығымен, көркемдік дамытушылық мүмкіндіктерінің байлығымен ерекшеленеді.

Музыка пәні өзіне тектес өнер пәндері сияқты көркем өнерді танып білудің жалпы эстетикалық заңдарын ұстанады.

Сұлулық заңдылықтары негізінде музыкалық мәдениеттің қалыптасу барысында эстетикалық, этикалық, экологиялық, руханияттық мәселелер өз шешімін тауып отырады.

Сол жинақталған қатынастар мен сезімдердің ізгілікті игі тәжірибесінің материалдық көрінісі ретіндегі көркем өнердің бір саласы музыка арқылы, нақтылап айтқанда, мектептегі музыка пәні арқылы мектеп оқушысы өмірге, табиғатқа, қоршаған айнала дүниені адам мен жалпы адамзатқа ізгілікті қатынас жасау тәжірибесіне қанығып үйренеді.

Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп, жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз.

«Музыка» пәні бағдарламасының мақсаты – жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыда өзін-өзі таныту құралы ретінде музыкалық білімінің негізін қалау және қарапайым орындаушылық дағдыларын дамыту, және оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыта отырып қалыптастыру.

«Музыка» пәнiнiң құрылымына сәйкес (ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауаттылық, шығармашылық iс-әрекет) келесi тәрбиелiк мiндеттер басты болып табылады:


  • оқушыларға әсемдiктi, сұлулықты сезiне бiлуге, халықтың ән-күй шығармаларын, әр түрлi халықтардың музыкасын, Қазақстандық және шетелдiк композиторлардың шығармаларын сезiне отырып, ләззат ала бiлуге тәрбиелеу;

  • оқушының азаматтық сезiмiн, отансүйгiштiгiн, Отанына, халқына мақтаныш сезiмiн, әр түрлi халықтың мәдениетiн қастерлей бiлуге, адамгершiлiкке тәрбиелеу, музыкаға саналы қатынасты қалыптастыру, музыканы өмiрдiң бейнесi ретiнде түсiну.

Оқу бағдарламасының міндеттері:

- қазақ қалқының дәстүрлі мәдениетімен, ұлттық композиторлардың шығармаларымен және әлемдік музыка мәдениетімен таныстыру арқылы құндылықтарды бағдарлау, көркемдік талғамды қалыптастыру;

- рухани бай, шығармашылық белсенді, музыканы өмірдің айнасындай сүйетін және қабылдайтын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтейтін, өзге ұлттардың өнеріне құрметпен қарайтын, музыкалық дамыған тұлғаны тәрбиелеу;

- өнер түрлерін кіріктіріп оқыту арқылы музыкалық білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға;

- қарапайым орындаушылық және негізгі вокалды-хормен ән айту дағдыларын және оларды түрлі музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерде қолдануын дамытуға және қалыптастыруға;

- оқушылардың шығармашылық, жеке даралық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін түрлі музыкалық іс-әрекеттер (музыканы тыңдау, әндету, музыкалық аспаптарда ойнау, суырып-салмалық және т.б.) арқылы дамытуға;

- оқушылардың өмірлік тәжірибесі негізінде эмоционалдық кеңістігін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, ассоциативтік және бейнелі түйсінуін, дыбыс тілі арқылы қоршаған ортаға деген өз көзқарасын жеткізуге бағытталған.

«Музыка» пәнінің маңыздылығы:

Музыка адамның жеке тұлғалық қасиеттерін білдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді құрал мен қарым-қатынас тілі. «Музыка» пәні оқушының шығармашылық қабілеттерін, музыкалық мәдениетін, эмоционалды-сезімдік аясын, музыкалық-есту және бейнелі көркем қиял-елестерін қалыптастыруға бағытталған. «Музыка» пәнінің мазмұны халық музыкасы (қазақ халық музыкасы және өзге халықтардың музыкалық фольклоры), классикалық және эстрадалық музыка, музыкалық сауаттылық, музыкалық аспаптарда ойнау (музицирование) сияқты шығармашылық әрекеттерден тұрады. Бағдарлама қазақ халқының музыкалық фольклорының жауһарларымен, қазіргі қазақстандық өнерімен таныстыра отырып, ұлттық сана-сезімді, патриоттық сезімді, өз ұлтының мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақта оқушылар адами құндылықтарды қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін, еліміздегі халықтар музыкасын, және әлемдік классикалық музыка арқылы білетін болады.

«Музыка» пәнін оқыту:

- музыканың ролін коммуникативті тілдердің бірі ретінде ұлттық музыканың маңыздылығын, Қазақстан композиторларының музыкалық шығармаларының және өзге әлемдік мәдениеттің маңыздылығын түсінуіне ықпал етеді;

- оқушылардың рухани-адамгершілік және эстетикалық мәдениетін қалыптастырады;

- оқушының тұлға ретінде одан әрі дамуына, өзінің музыкалық шығармалары мен жобаларындағы басты идея мен ой-пікірлер арқылы қоршаған ортадағы өзінің рөлі мен өзін-өзі түсінуіне көмектеседі;

- музыкалық қабілеттерін білімі мен дағдыларын дамыту арқылы қалыптастырады;

- жеке тәжірибесін түрлі тәсілдер арқылы шығармашылықпен көрсетуіне және жасампаздық іс-әрекет жасауына мүмкіндік туғызады;

- шығармашыл тұлғаның маңызды қалыптастырушысы ретінде өзінің жеке қасиеттерін, ойын білдіруге және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамытады;

- оқушылардың ой-өрісін жан-жақты кеңейтуге ықпал етеді;

- өзіндік бағалауын арттыру арқылы жағымды дүниетанымын қалыптастырады;

- пәнаралық дағдылардың кең ауқымын дамытып, жаңа шығармашылық шешімдер мен өзара оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігін тудырады

«Музыка» пәнін оқу арқылы оқушылар:

- қазақ халқының және әлем халықтары музыкасының негізгі жанрларын, өнер туындыларындағы сезімдер мен эмоцияларын, бейнелігі мен көңіл-күйін зерттеп, ажырата отырып талдайды;

- музыкалық аспаптарда орындау, әндету, сонымен қатар музыкалық суырып-салмалықтар мен өңдеулерді жазу үшін музыкалық сауаттылықтың негізін біледі;

- музыкалық аспаптардың классификациясын біледі, халық аспаптары мен классикалық аспап түрлерін ажыратады;

- шығармалардағы көңіл-күйді, эмоция мен сезімдерін сипаттау үшін музыкалық терминологияларды қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық шығармаладры тыңдайды және талдайды;

- музыкалық-шулы аспаптар көмегімен қарапайым вокалдық және аспаптық шығармаларды орындайды;

- музыкалық әртүрлі іс-әрекетке қойылған міндеттерді зерттеп, креативтік шешімдер табады;

- би қимылдары және басқа да музыкалық қойылымдар мен суырып салмалар көмегімен музыка сипаттын жеткізе алады;

- музыкалық шығармалар құру үшін, сонымен қатар АКТ құралдарын пайдалана отырып білім мен дағдыларды қолдану;

- қарапайым, шағын музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльмен орындауда өзінің және өзге орындаушылардың рөлін, сонымен қатар көрермендер алдында орындаушылық мәдениеті мен маңызындылығын түсінеді;

- өз жұмысына түсіндірме бере біледі, өзінің және басқалардың жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізеді.

Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. ол пәндерге бейнелеу өнер, көркем еңбек, әдебиеттік оқу, математика және дүниетану жатады. Бірақ, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай қоршаған орта, өзін-өзі тану, жаратылыстану т.б. пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып, байланысқа түсе береді.

Бастауыш мектеп оқушыларына музыка пәнін оқытуда әдебиеттік оқу пәнінің алатын орны ерекше. Себебі, оқушыларда өнер туралы білімдерді, сұлулықты танып-білу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру нақты тіл, сөз арқылы әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімдері музыка сабақтарында мейлінше әдеби тілде әрі әсем сөйлеуі қажет.

Қазақ халқы қашанда ойын домбыраға, әнге қосып жеткізген. Бұл сөздің мәнін күшейтуге, тыңдаушыда әсер қалдыруға деген ұмтылысынан туындаса керек. Егер әдебиет, сөз өнері болмаса музыканың көптеген жанрларының болмауы да мүмкін екендігі түсінікті. Әннің, операның, ораторияның, кейде балет т.б. сияқты музыка жанрларының туындауына әдеби шығармалар түрткі болады.

Әннің мәтіні- өлең. Егер өлең болмаса ән вокализге айналады. Мәтін, сөз болмаса музыканың хор жанры да болмас еді. Күрделі музыкалық шығармалардың да негізі – әдеби көркем шығармалар болып келетіні мәлім. Көркем әдебиет үлгілері күрделі музыкалық шығармаларға айналуы үшін, жазылу барысында олар өңделеді, көпшілігі өлең түріне енеді, яғни либреттоға айналады. Оқушыларға әдебиет пен музыканың арасындағы байланыс , үйретілетін әннің сөз мәтінін түсіндіру- музыка сабағының негізгі міндеттерінің бірі. Қазақ педагогы Жұмабаев Мағжан өзінің «Педагогика» деген еңбегінде балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады: «Баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді».

Музыка пәні, негізінен, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде музыка мен бейнелеу өнері пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.

Тыңдаған музыканың әсерінен пайда болған ой мен көңіл- күйін қарапайым сурет салу арқылы бейнелей білуге тәрбиелеу өз нәтижесін береді. Себебі оқушы қоршаған орта, әсем алған заттарын қағаз бетінде бейнелеуге құмар. Олардың осы бейімділігін бейнелеу өнерімен ұштастыру ұлттық мәдениетіміздің рухани байлығын меңгертуге жол ашады. Мысалы, Динаның «Бұлбұл» күйін Л.Хамидидің «Бұлбұл» әнімен салыстыру барысында музыкалық-көркемдік құралдары- триоль, тремолоның маңызын талдап үйретуге болады. Бұлбұл сияқты құстардың әсем үнін музыка бейнелесе, оның бойындағы әсемдікті халқымыз ерте кезден-ақ көріп, қол өнерінде пайдаланғанын айтып, құстұмсық, құсқанат, қазтабан т.с.с ою-өрнектерінің таңбасын түсіру ұсынылады. Мұндай көріністерді бейнелейтін музыка мазмұнына байланысты суреттерді К.Қуатбаевтың «Таң», «Кеш» шығармалары, халық күйі «Алатау», Н.Тлендиевтің «Құттықтаймын,апа,туған күніңмен!» әні, «Махамбеттің термесі» және т.б. шығармалар бойынша салдыруға болады.

Музыкалық шығармаларға байланысты кіріспе әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойылатын сұрақтарды нақты түсінікті етіп оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құра білуі тіл пәнімен тікелей байланыста екендігін көреміз.

Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы, олардың, тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамытамыз. Үйретілетін әндердің сөздерін оқыту, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге үйретуде, (дикция мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді. Қатаң дыбыстардың айтылуы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың қатар келуіндегі үндестік заңдылықтарды ескеру, мысалы, түнгі аспан (түнгаспан), қайда калып (қайдағалып), т.б. осындай көптеген тіл пәнімен байланыстық болатындығын байқауға болады. Ал үйретілетін әннің сөзінің мазмұнын түсіндіре отырып, мәтіннің ұйқасын, құрылысын меңгертуде, оның музыкамен қандай байланысы бар екендігін сезіндіру кезінде әдебиет пәнімен тығыз байланыстырамыз.

Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары, әдеби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа ұластырушылар ақын-жыраулар мен жыршылар болған. Кішігірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма-қол шығарып, сол жырлармен өздері естіген мол мұраларды сан жылдар жадында сақтап, өңдеп, дамыта жырлап, сол өнерін қанаттас ақын-жыршыларға жеткізіп отырған.

Бұл ақындар, жыршылар мен жыраулар шығармашылығындағы репертуар алмасу немесе мұра мен мұрагерлік болса, осы мұраларды жасөспірімдерге жалғастыру мақсатында терме, толғау, эпостық жырлармен таныстыру музыка сабақтарында жүзеге асырылады. Мысалы, 3-сыныптан бастап "Алпамыс батыр" жыры, Бұқар жырау, Базар жырау толғаулары, Жиенбай, Нұртуған, Нартай, Тұрмағамбет, Махамбет термелері, халық термесі, айтыс түрлері, "Біржан-Сара" айтысы, 4-сыныпта "Қыз-Жібек" жырының негізіндегі операмен таныстыру кездерінде халық ауыз-әдебиетінің музыка өнерімен тығыз байланысын айқындай түсеміз. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ақындық шығармашылы- ғымен қатар сазгерлік өнерінен туындаған "Қараңғы түнде тау қалғып", "Айттым сәлем қаламқас", "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы" әндерінің мәтіні мен музыкасындағы үйлесімділігі оқушылар санасына жеткізілуі тиіс. Музыканың әдебиетпен, поэзиямен байланысы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.

Музыка өнерінің барлық пәндермен, жалпы өмірдегі барлық салалармен байланыспайтыны жоқ деп айтуға бо­лады. Музыканы шығаруға, күй, ән шығаруға алуан түрлі себептер, тақырыптар әсер етеді. Айналаны қоршаған табиғат құбылыстары, өмірдегі болатын тарихи жағдайлар, адамның көңіл-күйі, психологиясы, халықтың тағдыры, туған жерге, елге, Отанға деген сезім, ата-анаға, балаға, сүйген жарға, досқа, бауырға деген сүйіспеншіліктерден, тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы басқа сияқты адам өміріндегі кездесетін әр түрлі жағдайларға бай­ланысты әр сазгер өзінше толғайды.

Музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың нәтижелі болуы сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге тәуелді. Сонда музыкалық іс-әрекеттердің мақсаты мен міндеттері, мазмұнын олармен байланысты ұйымдастыру формалары, пайдаланатын құралдары мен әдіс-тәсілдер, күтілетін нәтижелер мен оған қол жеткізуге кепілдік беретін технология және т.б. оңтайлы анықталуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет