1.1.1 Арифметикалық есеп Есеп математикалық жаттығудың ерекше түрі.
Есеп деген не? Бізді қоршап тұрған дүниеде сандармен байланысты болатын және оларға арифметикалық амалдарды қолданатындай шексіз көп тұрмыстық жағдайлар бола береді, – бұл есеп [1, б.185].
Есеп – бір жағдаяттың қандай да бір құрамдас бөлігінің сандық сипаттамасын беруді қарапайым тілде сипаттау, оның бөліктері арасында кейбір байланыстардың немесе осы қатынас түрлерінің болуын тағайындау – бұл арнайы ерекше математикалық жаттығу [2, б.105].
Бізді қоршаған ортада сандармен байланысты көптеген нақты өмірдегі жағдаяттар туындайды және олармен арифметикалық амалдар қолдану талап етіледі – бұл есеп [2, б.105].
Есептерде берілген және ізделіп отырған сандар бар.