1.3.1 Strcat( ) функциясы
Strcat ( ) функциясы төмендегідей прототипке ие:
Char *strcat (char*str1,const char *str2)
Бұл функция str1 жолының соңына str2 жолының көшірмесін сыйғызады және жаңа алған жолдың соңына апарып аяқтаушы нөлдік символды қояды. Алдын-ала міндетті түрде екі жолдың тіркесу немесе айқасуының шешімін сақтау үшін, str1 жолында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз. Strcat () функциясы str1-ге сілтеуішті кері қайтарады. Оның қолданылуы төмендегі 5-ші листингіде бейнеленген.
1.3.2 Strncat( ) функциясы
Strncat( ) кітапханалық функциясы сонымен қатар, жолдардың конкатенациясын орындайды, бірақ шығушы жолдан белгіленген жолдың соңына тура қанша символ қосу керек екендігін сілтеу керек. Ол төмендегідей прототипке ие:
Char *strncat(char*str1, const char*str2,size_ t n);
Егер str2 n –нен астам символға ие болса, онда str1-ге тек алғашқы n символы қосылады. Әр осындай жағдайда жолға нөлдік аяқтаушы символ автоматты түрде қосылып отырады. Міндетті түрде str1-ге жеткілікті жадының үлестірілуін қамтамасыз еткен жөн, себебі оның ішіне нәтиже сыюы қажет. Функция str1-ге сілтеуішті кері қайтарады. 6-шы листингте Strncat( ) функциясының көмегімен тура 5-ші листингтегідей нәтижеге қол жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |