- Студент практиканың шығармашылық жұмыс жасауына бағыт беру, оны қадағалап
отыру;
- Студенттердің оқу тәрбие жұмысы бойынша құжаттарын тексеріп, қорытынды
бағаларын қою;
- Педагогикалық практика жетекшісіне практика соңындағы топтың есебі мен мектеп
қызметкерлеріне төленетін ақының құжатын уақытылы тапсыру;
- Сынақ құжаты мен кітапшасына студенттердің тисті бағаларын қою.
2.10 Мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:
- Педагогикалық практиканың көңілді өтуіне жағдай жасау, кезекті практиканың өтуі
туралы мектеп мұғалімдерімен, өзге қызметкерлермен, оқушылармен жұмыс жүргізу;
- Студент практиканттардың педагогикалық кеңеске жұмысына пән бірлестігінің, ата -
аналар комитетінің ортасына қатысуына мүмкіндік жасап, олардың жұмыс жоспарларымен
таныстыру;
- Студент пратиканттың кейбір сабағына, тәрбие жұмысының біріне қатысып, талдау
жасау;
- Педагогикалық кеңесте практика жұмысын жақсарту, оқу тәсілдерін жетілдіру туралы
пікірлерін айту;
- Педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты мектеп педагогикалық кеңес
өткізіп, мүмкіндік болса университеттегі конференсияға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: