Авторлар: Нұрышева Г.Ж. – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі;
Хасанов М.Ш. – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры.
Пікір жазғандар: Молдабеков Ж.Ж. – философия ғылымдарының докторы,
профессор,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мәдениеттану және дінтану
кафедрасының профессоры;
Барлыбаева Г.Ғ. – философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ
Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану Институтының
жетекші ғылыми маманы.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ «Мамандыққа кіріспе» пәні – «Философия» мамандығы бойынша
бакалавр дайындауға арналған білім беру бағдарламасы бойынша міндетті
пән болып есептеледі. Оқу бағдарламасын игерудің ең басында оқытылады
және кәсіби циклдің басқа пәндерін зерттеудің негізі болып табылады.
Пәнді
оқу
барысында
студенттер
философия
мамандығы,
философияның пәні, негізгі даму кезеңдері, белгілі философтардың ғылыми
ізденістерінің өзекті мәселелері, философиялық білімнің дәстүрлі бөлімдері
туралы алғашқы түсініктер алады.
Құзыреттіліктер: «Мамандыққа кіріспе» пәнін оқу нәтижесінде студент мына
құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
Білу: -
философия және философия мамандығының мәні мен мақсатын;
-
философияның пайда болу алғышарттарын;
-
философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлін;
-
философия мен философиялық пәндердің дәстүрлі бөлімдерін;
-
философияның іргелі категориялары мен ұғымдарын;
-
философияның негізгі өкілдерін.
Жасай білу: -таңдау және мамандық болып табылатын философияның күрделілігін
түсіну;
- негізгі философиялық категориялар мен терминдерді айыра білу;
- философиялық мәтіндермен жұмыс істеу;
4
- философияның өзекті мәселелері бойынша пікірталас жүргізу;
- қарсыластардың пікірлеріне толерантты болу.