«Тарих» мамандығы бойынша оқытылатын кәсіби қазақ тілі - пәндік феномен Қазақ тілінің адамзат мәдениеті тарихында алатын орны.
Қоғамдық ой-сана
қалыптастырудағы орны. Қоғам мүшелерін ортаға бейімдеу, олардың арасында
өзара түсіністік, сенім орнатушы, кәсіби, іскерлік ынтымақтастық
қалыптастырушы, біріктіруші фактор ретіндегі рөлі.
Курс аясында лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, дискурсивті,
әлеуметтік-мәдени, стратегиялық құзіреттіліктер меңгеріледі. Сөздік қор қажетті
кәсіби лексика, терминдермен толықтырылып, сөйлемдерді грамматикалық
тұрғыда сауатты әрі жүйелі құру дағдылары жетілдіріледі және қажетінше
бейвербальді амалдар үйретіледі. Сөзді қарым-қатынас құралы ретінде мән-
мағынасына сәйкес дұрыс қолданып, ойды еркін жеткізе білу және әлеуметтік,
қызметтік мақсатта орынды пайдалана алу әлеуметтік лингвистикалық
құзыреттілікті қамтамасыз етеді.