OGT 1205
ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ
Көлемі – 3 кредит
Авторлар
:
Мырзабекова Р.С. - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Мийманбаева Ф.Н. - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Пікір жазғандар:
Ахметова Ж. - тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің доценті
Кокебаева Г.К. - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің профессоры
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Пәннің қажеттілігі:
«Орта ғасырлар тарихы» пәні университеттік жалпы
тарих курсының бір бөлігі және европалық өркениет тарихын қазақстандық
медиевистика қабылдаған кезеңдестіру бойынша оқытады, ұзақ кезеңді қамтиды
-
Ұлы қоныс аударудан (б.з. ІV ғасырдың соңы) ХVІІ ғ. ағылшын буржуазиялық
революцияға дейін қамтиды.
Көрсетілген уақыттағы тарих курсының негізгі мазмұны Еуропа елдерінде
болған әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени сипаттағы түбегейлі
өзгерістер болып табылады. Орта ғасырлар тарихы – адамзат тарихының
маңызды бөлігі. Бұл еуропалық өркениеттің қалыптасуы, оның ерекше
сипаттатарының құрылуының кезеңі. Ортағасырлық тарихта оқымай, қазіргі
заманғы қоғамдағы көптеген үрдістердің мәнін дұрыс қабылдау мүмкін емес.
Ортағасырлық Еуропа тарихын білу бәсекеге қабілетті кадрлер дайындауда,
мамандықтың кәсіби оқыту бағдарламасындағы пәнаралық байланысты
жүйелеуде үлкен рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: