Қазақстан бұрынғы КСРО республикалармен тату көршілік қатынастар орнатуы Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құрудағы алатын орны.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуы. Алматы Декларациясының
мазмұны мен маңызы. ТМД-ның интеграциялық процестеріне Қазақстанның
қатысуы. ТМД елдері арасындағы халықаралық қатынастарды реттейтін келісім-
шарттарға тарихи сипаттама және ТМД аясында ҚР-ның саяси және әлеуметтік-
экономикалық салаларды интеграциялау іс-шаралары.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы
алатын орны мен рөлі. Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және әскери
қарым-қатынастар. Байқоңыр ғарыш айлағы жөніндегі келісім-шарт. Екі ел
арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар. Қазақстан
сыртқы саясатының ресейлік бағытының қалыптасуына себеп болған геосаяси,
тарихи, экономикалық және мәдени факторлардың өзара байланысы. Ол
қатынастардың көп қырлылығы және жан-жақтылығы.
Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты
ынтымақтастық. Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызы.
Қазақстанның ортаазиялық мемлекеттермен экономикалық, саяси және мәдени
байланыстары. Қазақстан республикасының Орталық Азия аймағына қатысты
сыртқы саясатының қалыптасуының тарихи алғы-шарттары мен жағдайлары.
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен
қарым-қатынастары. Қазақстан және Закавказье республикалары: Әзербайжан,
Грузия, Армения. Қазақстанның Украина және Беларусьпен саяси,
экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынастары, ондағы кездесіп
отырған қиыншылықтар мен ерекшеліктер, олардың барысы мен нәтижелері.