5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет60/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

 


EDT 1203 
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ТАРИХЫ 
 
Көлемі - 2 кредит 
 
Авторлары: 
Қартабаева Е.Т.– тарих ғылымдарының кандидаты, дүние жүзі тарихы, 
тарихнама және деректану кафедрасының доценті
Мийманбаева Ф.Н.– тарих ғылымдарының кандидаты, дүние жүзі тарихы, 
тарихнама және деректану кафедрасының доценті
 
Пікір жазғандар: 
Сманова А.М. – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ Мемлекеттік 
Қыздар Педагогикалық Университеті Тарих кафедрасының доценті
Мырзабекова Р.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің доценті
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Ежелгі дүние тарихы» пәні университеттік жалпы тарих курсының бір 
бөлігі болып табылады және оны 1 курстың тарихшы-студенттері оқиды. Пән 
Ніл мен Қосөзен аңғарларындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда 
болуынан бастап, Батыс Рим империясының құлауына дейінгі, жалпы тарихтың 
шамамен үш жарым мыңжылдық дәуірін қамтиды. Дәстүрлі түрде ежелгі дүние 
тарихы үш бөлімнен тұрады: 1) «Ежелгі Шығыс тарихы»; 2) «Ежелгі Грекия 
тарихы»; 3) «Ежелгі Рим тарихы». 
Бұл пәнде ежелгі мемлекеттердің нақты тарихымен қоса, студенттер, ежелгі 
шығыс және антика өркениеттерінің ортақ белгілері мен ерекшеліктері, олардың 
жетістіктерінің адамзаттың кейінгі тарихындағы маңызы сияқты және басқа да 
бірқатар жалпы тарихи мәселелермен де танысатын болады. Пәнді оқу 
барысында, студент, бай фактілік материалдар негізінде, бұл пәннен кейін 
оқытылатын тарихи пәндер шеңберінде, атап айтқанда тарих, әлеуметтану, 
саясиэкономия және мәдениеттану пәндерінде кездесетін негізгі түсініктерді 
игеретін болады, пәнаралық байланыстар жүйеленеді. Сондықтан да ежелгі 
дүние тарихын оқыту заманауи жоғарғы тарихи білім берудің қажетті бөлігі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет