НЕГІЗГІ БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ Қазақстанның көне тарихы Палеолит, мезолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Қазақстан
территориясындағы неолит және энеолит дәуірінің археологиялық мәдениеті. Х.
Алпысбаев, А. Медоев, Ж.Таймағамбетов, В.Зайберт, В.Логвин зерттеулері.
Тарихқа дейінгі кезең адамдарының мәдениеті. Ерте палеолиттегі діни
ұғымдар мен өнер. Мезолит, неолит, энеолит дәуіріндегі діни ұғымдар, тілдің
дамуы, рационалды білім. Петроглифтер.
Ұлы Даладағы қола ғасыры(б.з.б. II - II мың жылдықтар) Қола дәуірі ескерткіштерінің хронологиясы мен кезеңдері. Қола дәуірі
мәдениетінің пайда болу мәселесі және таралу ауқымы. Қималы мәдениет.
Андронов мәдениеті. Беғазы –Дәндібай мәдениеті. Қазақстанның көне
тұрғындарының антропологиялық түрі. Ә.Марғұлан зерттеулері. Қола
дәуіріндегі өнер:петроглифтер.
Егін шаруашылығы, Мал шаруашылығы. Аңшылық. Металлургия.
Материалдық мәдениет. Жерлеу және жерлеу салттары. Жерлеу тәсілдері мен
ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қоғамдық құрылысы мен рухани
мәдениеті. Қазақстанның көне тұрғындарының тілдік белгілері. Қазақстан
территориясы Еуразия даласы жүйесінде (үндіеуропалық миграция). Мәдениет
пен этностың өзара қатынасы мәселесі. Далалық өркениет. Протоқалалар.
Көшпелілік генезисі.Көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттары: табиғи-
географиялық фактор, әлеуметтік-мәдени фактор. Мал шаруашылығы рөлінің
өсуі және маңызы. Мал шаруашылығы түрлері: үй маңы, бақташылық, көшпелі
және т.б. Салт аттылық. Құдықтар. Ат әбзелдері. Далалық, жартылай далалық
және шөлейтті жерлерді игеру. Көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал
шаруашылығының дамуы. Көшпелілердің көші-қоны. Көшу тәсілдері мен көлік
түрлері. Мал табындарының құрамы. Көшпелілердің өндірісті үйымдастыру
үрдісінің заңдылықтары. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.