Мәдениет пен мемлекет
Мәдениет пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қарама-
қайшылығы. Мемлекеттіліктің қауіпсіздігі мен Платон, Макиавелли,
Гегельдердің адами мәдениетке көзқарасы. Демократия мен мәдениет,
олардың өзара байланысы мен келісімі. Мәдениеттегі элитарлық өрістер мен
мемлекеттілік. Авторитарлы және тоталитарлы мемлекеттегі мәдениет.
Тоталитарлы мемлекетке қоғам өмірінің рухани саласының түбегейлі
мойынұсынушылығы.Білім беру мен тәрбие жүйесінің монополизациясы
мен стандартизациясы. Бұқаралық ақпарат құралдарының монополизациясы.
Өзгеше ойлайтындарға қысым көрсету, «диссиденттік» интеллигенциямен
күрес. Қоғамның сыртқы өмірден бөлектенуі, «темір бұғау», «берлин
қақпалары», халықтың тарихи есінің «мәңгүрттілігі». Жеке басқа
табынушылықтың көрінісі мен мәдени орта.
Достарыңызбен бөлісу: |