Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орны. Қазақстан мәдениетінің
тарихи негізгі кезеңдері. Қазақстанның мәдени тарихының негізгі кезеңдері.
Қазақстан мәдениетінің тарихи тұжырымдамасы және еуропоцентризм сыны.
Қазақ мәдениетінің үлгісі ретіндегі номадизм. Қазақ мәдениетінің әлемі
және отандық мәдениет, оның мәні, жұмыс істеу бағыты және дамуы.
Қазақ мәдениеті тарихының объектісі болып мәдени-теоретикалық
мәнінің қалыптасуы мен қазақ мәденииетінің дамуы саналады.
Қазақ мәдениеті тарихының пәні болып қазақ мәдениетінің тарихи
типтерінің мәдени-теориткалық зерттеулері мен өркениеті саналады
Курстың өтілу мақсаты: қазақ этникалық мәдениетінің қалыптасу
және даму заңдылықтарын талдау, қазақ мәдениетінің ерекшеліктерімен
студенттерді таныстыру, мәдениет философиялық ұғымдарды зерттеу
негізінде қазақ рухани мәдениетінің құрылымының, философиясының орнын
анықтау, тарихи даму процесінде қазақ мәдениетін зерттеу барысындағы
қазақ мәдениетінің тарихындағы өзгешеліктері мен ерекшеліктерін
студенттерге игерту.
Курстың тапсырмалары: Студент Қазақстандағы азаматтық қоғамның
қазіргі жағдайындағы жеке тұлғалар мен топтардың мәдени мінез-құлық
мәселелерін білімі мен дағдыларының тәжірибелігімен пайдаланып иеленуі
тиіс;
Қазақ мәдениетіндегі мәдени-философиялық ойлардың отандық
тарихын құрастыру;
Қазақ
мәдениетініңғылым
жүйесіндегі
орнын
және
оның
методологиялық маңыздылығын мәдениет феноменінде зерттеу.