НЕГІЗГІ БӨЛІМ Ежелгі дүние тарихы Ежелгі Шығыс тарихы. Шығыстағы мемлекеттік бірлестіктердің пайда
болуы. Шумер, Вавилон, Египет, Үндістан, Қытай тарихының өркениеттік
дамуға қосқан үлесі.
Ежелгі Греция тарихы.
Тарихтағы Ежелгі Греция орны. Жерорта теңізі
аймағында ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттердің пайда болуы. Грек
өркениетінің қалыптасуындағы архаикалық кезең. Азамат соғысы қоғамдық
қарама-қайшылықтың нәтижесі ретінде. Ерте грек тираниясы демократияға
жол ретінде. Греция өміріндегі полистің орны. Афина. Спарта, Рулық
ақсүйектер мен жаңа ақсүйектер арасындағы күрес. Солн реформасының
сипаты. Классикалық кезең: афина құлиеленушілік демократиясының
қалыптасуы және гүлденуі. Перикл. Қоғам мен мемлекеттің дағдарысы.
Александр Македонскийдің жаулап алушылық соғыстары, әлемдік ірі
империяның қалыптасуы және оның тағдыры. Шығыс Жерорта теңізі
аймағының елдері. Алдыңғы Азия, Қара теңіз жағалаулары елдері эллиндік
монархия кезінде. Римдіктердің гректерді жеңуі.
Ежелгі Рим тарихы. Ежелгі Рим тарихының ерте кезеңіндегі
құлиеленушілік қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының
ерекшеліктері мен заңдылықтары. Республиканың қалыптасуы, оның гүлденуі.
Спартак көтерілісі. Пуний соғыстары. Рим мемлекетінің территориялық
ұлғаюы кезеңіндегі билік түрлері. Сулланың әскери диктатурасы. Цезарь
реформасы, оның нәтижелері. Гай Октавиан Август. Ерте Рим империясы –
принципат кезеңі. Империядағы дағдарыс. Азамат соғыстары. Шектеусіз
монархия – доминаттың пайда болуы. Шығыс және Батыс Рим империясының
пайда болуы. Батыс Рим империясының жойылуы.