Жалпы (тарихи) дәуірлеу
Л.-Г. Морганның дәуірлеуі. Тағылық, жабайылық және өркениет
кезеңдерін Ф. Энгельстің Л.-Г Морган дәуірлеуін талдауы. Алғашқы қоғам
тарихын үшсатылы кезеңдеу. Қауымға дейінгі адамдар коллективі (алғашқы
адамдар табыны), ертетұрмыстық алғашқы қауым және кейінгітұрмыстық
алғашқы қауым. Көршілік қауымдар. Эгалитарлық және стратификациялық
қауымдар.
Алғашқы қоғам тарихының дерек-көздері
Тарихи деректердің ұғымы. Алғашқы қоғам кезеңі үшін тарихи
деректер. Алғашқы қауым кезеңдерінің тарихи деректері. Археологиялық
мәліметтер алғашқы қоғам тарихының дерегі ретінде. Этнологиялық
деректердің маңызы. Этнография, археология, антропология, лингвистика,
төрттік геология және палеогеография, археозоология, археоботаника,
информатика мәліметтері. Қосалқы жазба деректер.
Жаратылыстану ғылымдарының деректері немесе зерттеу әдістері.
Тарихи географиялық, психологиялык, физика және химияләдістер. Алғашқы
тұрмыстық тарихи синтез. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын синтетикалық
қайта қалпына келтіру ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |