5В020800 «археология және этнология» мамандығы бойынша


AHE 2206 ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет101/359
Дата06.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#81513
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   359
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

 
AHE 2206 ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯСЫ 
(ЕУРАЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯСЫ, АМЕРИКА, 
АФРИКА ЖӘНЕ АВСТРАЛИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯСЫ)
Көлемі - 4 кредит 
Құрастырушылар: 
Қалшабаева Б.К. - тарих ғылымдарының докторы, археология, этнология 
және музеология кафедрасының профессоры 
Құлсариева С.П. - тарих ғылымдарының кандидаты, археология, 
этнология және музеология кафедрасының доценті
Бейсегулова А.Қ. – аға оқытушы, археология, этнология және 
музеология кафедрасы 
Пікір жазғандар: 
Тоқтабай А.У. – тарих ғылымдарының докторы, жетекші ғылыми 
қызметкер Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 
Ноянов Е.Н. – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің доценті 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Әлем халықтарының этнографиясы – тарихи пән ретінде әлемдегі алуан 
түрлі халықтардың этногенезін, этникалық тарихы мен дәстүрлі мәдениетінің 
әртүрлілігін зерттейді. Кейбір батыс елдерінде этнология әлеуметтік 
этнология не мәдени антропология аталатындығы белгілі.
«Әлем халықтарының этнографиясы» пәнінің негізгі нысаны – 
этностардың шығу тегі, олардың тарихи эволюциясы, шаруашылық-мәдени 
типі, материалдық және рухани мәдениеті, наным-сенімдері, қазіргі өмірі, 
әлемдегі қазіргі халықтардың этникалық және этномәдени үдерістері және т.б.
Пән әлемдегі халықтардың әр түрлі белгілеріне қарай – тілдік, 
антропологиялық типіне, конфессиясына, шаруашылықты жүргізу түріне, 
дәстүрлі мәдениетіне қатысты анықталатын әр түрлі топтастыруды 
қарастырады.
Пәнді оқыту логикасы географиялық классификацияға сәйкес құрылып, 
әлем халықтары континент және оған жақын аймақтар бойынша оқытылады.
Әлем халықтарының этнографиясы пәнінің алдында «Этнологияға 
кіріспе», «Орталық Азия және түркі әлемі халықтарының этнографиясы», 
«Қазақстанның ерте және ортағасыр тарихы» т.б. пәндері оқытылады. Әлем 
халықтарының 
этнографиясы 
пәні 
«Қазақстан 
демографиясы», 
«Мәдениеттану», «Социология», «Саясаттану» және т.б. пәнаралық 
курстармен де тығыз байланысты.
Курсты оқып-үйрену және нәтижесінде барысында студент 
білуі тиіс: 
-
этнографияның анықтамалық-әдістемелік аппаратын;
-
әлем халықтарының этногенезі мен этникалық тарихын; 


62 
-
әлем халықтарының шаруашылылық-мәдени типі мен этникалық 
мәдениетін; 
-
әлем халықтарының тілдік, антропологиялық, конфессиялық, т.б. 
сипатын;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет