Фразеологизмдер. Тақырып, мағына, тұлға жағынан әр түрлі
болып келетін тұракты тіркестердің үлкен бір саласы тілімізде (15
мыннан астам) — фразеологизмдер десек, олар да қандай ұғым-
түсінікке қатысты болмысын, сайып келгенде, адамның іс-әрекетін, қалып-күйін, дүниетанымын өзіндік бояу-нақышымен бейнелейтін танымдык мәні зор көркем сөз бұлақтарына жатады. Оны мына мысалдардан да: шошқа тағалау, бастан құлақ садаға, ит терісін басына қаптау, шөп басын сындыру т. б. айқын көре аламыз. Бұлардың жасалуына ұйыткы болып тұрған «құлақ» (мал құлағы), «ит терісі», «шөп» тәрізді «тірек» компоненттердің, көріп отырғанымыздай, адамға тікелей катысы жоқ. Сондықтан да этнолингвистика үшін ең қиын мәселе — осы сияқты фразеологизмдердің ауыс мағынада колданылу мотивтерін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |