«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет22/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
Дiнге қатысты ТТ:
ӨБТТ iшiнде дiни /культтiк / ұғымға байланысты құдайдың қасиетi‚ құдiретi туралы қалыптасқан бiрен-саран ғана ТТ бар. Олар: құдайсыз қурай да сынбайды; құдайым берейiн десе‚ жұдырыққа тас сынады‚ қимайын десе‚ бұршаққа тiс сынады т.б.
Салт-дәстүр‚ әдет-ғұрыпқа байланысты ТТ.
Бұл топқа жататын ӨБТТ қазақ халқының бай салт-дәстүрi‚ әдет-ғұрпына қатысты туындаған көне де байырғы ұғымдар. Мысалы, ерте көктемде көк шығып‚ көкек айы туғанда күн күркiрейдi‚ найзағай жарқылдайды. Осы кездi бiздiң ата-бабамыз – күн күркiредi‚ көк дүркiредi - деп үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғаш күннiң күркiреген сәтiнде киiз үйдiң босағасына‚ маңдайына‚ табалдырығына ағаш шөмiштi тигiзiп тiлеу тiлеген. Осыны «шөмiш қағу» [104.Төреханұлы Ә. Шөмiш қағу. // Ана тiлi. 1994. 02.06.] – дейдi. Күн күркiремей тұрып‚ табиғи көкөнiстi жеуге‚ суға шомылуға тиым салынған. Күн күркiрегеннен кейiн ғана тау-тасқа шығатын табиғи жуалар мен сарымсақтарды асқа қосып жеуге қариялар рұқсат берген. Бұның өзi ата-бабаларымыздың табиғатпен бiте қайнасып‚ табиғатты өмiр тiршiлiгiнiң көзi еткендiгiнiң тағы бiр көрiнiсi.
Өлеңдi жерге өрт қойды – жүрген жерiн у-шу қылатын пәтуасыз‚ берекесiз адам туралы айтылатын өлеңдi жерге өрт қойды тiркесiнiң осы ұғымда қалыптасуына негiз болған қазақтың күзде немесе жәндiктер тiрiлмей тұрып‚ ерте көктемде көктiң шығуына кедергi болмасын деп‚ қураған шөпке өрт қоюы себепшi болған. Қойылған өрттi қадағаламаса‚ көптеген зардап әкелетiнi туралы В.К.фон-Герн былай дейдi: «В высокой степи беспечные казахи‚ пуская палы‚ вовсе не думают о тех ужасных несчастьях‚ причиной коих могут быть и частые палы» [105.Герн. ф. ВК. Палы. Характер и нравы казахов. Караганда. ТОО Номади и К . 1995.-40б.]
- аққұла алымы–алғашқырет қырмандалған астықтан алынатын алым. «Аққұла» көбiне дiн иелерiнiң пайдасына алынған. «Аққұла»-бекер-босқа деген ұғымды бiлдiредi.
- бидай қандау – бидайды ұшырып, тазалап болып, қаптар алдында жасалатын ырым. «Қан берсең, дән берем» деп мал сойып күректi қандап, қырманға қарай шашатын әдет (106.71).
- шыққан қыз шиден тысқары – қазақ халқының салтында қыз бала жат жұрттық деп‚ ұзатылған қызды шыққан қыз шиеден тысқары‚ яғни алтын босағасынiкi деп жатады. /«Келiнiңнiң дiнi не деген қатты едi‚ Мейрамгүл … Жолдың ар жағынан берi өтiп‚ үйге кiрiп шай-суын iшiп шықса қайтар едi. Шыққан қыз шиден тысқары деген осы екен ғой деп ойлап‚ қара үзiп кеткенше қарап тұрамын» [107.Мырзахметтегi Р. Қүдасын құдайдай көрген. // Ана тiлi 1994. 15.09].
- бұршағым биттегенде көргенiм – қазақ үшiн құлындамаған бие‚ бала таппаған әйел жаман. Осыған бола кейбiр әйелдер өз уағында бала көрмесе‚ мойнына тәспих құсаған бұршақ тағады. Бұнысы аллаға жалынып‚ бiр бала бер дегенi. Мойнына бұршақ таққан әйелдердiң кейбiрi елуге келгенде балалы болады. Сонда осындай әйелдер баласын бұршағым биттегенде көргенiм .Жүнiсов А. Мойнындағы бұршақ. // Ана тiлi. 1994. ғой деп‚ басынан құс ұшырмай отырады. Бұл жердегi бұршақ «көген« ұғымында емес‚ «өсiмдiктiң ұрығы‚ түйiнi түсiп өнер» деген мағынада қолданып тұр. Сонымен бұл тiркес «өсiмдiк сияқты көгерiп‚ көктеп тамыр жайсам‚ дүниеге ұрпақ әкелсем» деген тiлектен туындаса керек.
Салт-дәстүр‚ әдет-ғұрыпқа байланысты ӨБТТ-дi бұл топта көптеп кездестiрiп‚ санамалап көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет