Құрмамбаева Қ.С.– қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а.,ф.ғ.к.
Кафедра: Қазақ әдебиеті Ақпараттық қатынас: телефон: 87757570676
Сабақ өтетін орын: №8 оқу ғимараты, 227/319 дәрісхана
Кредит саны: 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: Пәннің оқу-әдістемелік кешені Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары құрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жұмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.
Шетел әдебиетінің тарихы пәні әлем әдебиеті тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Студенттерге ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропадағы кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалары жайында, және философиялық, әдеби-мәдени оқиғалардың табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастығы, әлемдік озық үлгілерімен үндестігінен түсінік беру. Жаңашылдықпен түлеген романтикалық шетел әдебиетінің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады. Бұл мақсаттың аясында әлем сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болмақ.