ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Бұқаралық ақпарат құралдарының эволюциясы Кітап басу ісінің пайда болуы. Мерзімді баспасөздің қалыптаса бастауы -
адамзат мәдениеті тарихындағы заңды құбылыс. Журналистиканың дамуы.
Журналистиканың қоғамдағы жағдайы, қудалау мен цензураға қарсы күрес.
Баспасөз бетіндегі сөз - адам қолындағы әділеттілік құралы. Журналистика
ақпаратты таратушы, саяси және идеологиялық күрестің қаруы. Саяси
журналистиканың қалыптасуы.
Еуропа елдеріндегі төңкеріс. Ұлы Француз революциясы тұсындағы
баспасөздің рөлі. Газет пен журнал - қоғамның рухани өмірінің ажырамас
бөлігі. Сөз бостандығы және цензура.