5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет28/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

 
Интернет ресурстар: 
Adage.com 
Adsoftheworld.com 
Advertisingcrossing.com 
Adweek.com
 
 


18 
 
ZhК 1203  ЖУРНАЛИСТИКАҒА КІРІСПЕ 
 
көлемі 3 кредит 
 
филология ғылымдарының докторы, профессор К. Қамзин 
 
Пікір жазғандар: 
филология ғылымдарының докторы, доцент Н.Т. Шыңғысова   
                                        
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
        Қазіргі  заманда  табиғи  және  әлеуметтік  кеңістіктегі  әртүрлі 
форматтағы  масс-медианың,  ақпарат  құралдарының    мүмкіндігі  мен  ролі  
анағұрлым артып отыр. Журналистиканың шығармашылық феномен екендігі 
де  айқындала,  нақтылана  түсті.  Жаратылыс  бітімімен,  қоғам  үдерісімен 
тығыз  байланысты  журналистика  құбылысын  түсіну,  қаламгерлік 
шеберліктің  алғашқы  сатысын  меңгеру  «Журналистика  негіздері»  атты 
жалпы  әдістемелік  пәнінен  бастау  алады  және  аталмыш  курс  журналистика 
тану  процесінде  іргелі  курстардың  қатарына  кіреді.  Сондықтан 
«Журналистика  негіздері»  типтік  бағдарламасы  ұлттық  журналистикаға 
қойылар жаңа талаптарды, шет елдік өнеге мен тәжірибені ескере отырылып 
жасалды. 
      
Бүгінгі  таңда  ақпарат  құралдары  мазмұны  мен  құрылымындағы 
пішіндік және мазмұндық  өзгерістер, бұл салаға келіп жатқан жаңа леп, соны 
технология,  креативті    тәсілдер,  инновациялық  ойлау  жүйесі,  публицистика 
қамту  ауқымының  анағұрлым  артуы  және  бүгінгі  әлемдегі  журналистика 
ролінің жедел өсуі аталмыш қызмет пен кәсіпке деген талапты күшейте түсті. 
Жаңа дәуір, ақпараттық бәсекелестік ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары  – 
баспасөз, телевизия, радио, Интернет-баспасөз (кибержурналистика), ақпарат 
агенттіктері қызметкерлеріне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Жиырма бірінші 
ғасырдың басында  ақпарат саласы (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет 
көрсетуден  кейін)  эконономиканың  «төртінші  секторына»  айналды,  осы 
қызметпен  айналасатындар  саны  күннен  күнге  артып  келеді.  Ал  бұның  өзі 
журналистік  корпустың  сандық  және  сапалық  сипатына  тікелей  әсер  етеді. 
Демек,    курсты  оқытудағы  негізгі  мақсат    –      студенттерге  танымдық-
әдіснамалық  бағыт-бағдар  беру,  журналистиканың  қоғамдағы  ролін, 
ақпараттық 
қызметтің 
табиғатын, 
журналистика 
функциясы 
мен 
принциптерін,  оның  пәрменділігі  мен  тиімділігін,  қазіргі  блогтық 
мәтіндердің  әлеуметтік  ажарын  анық  көрсетіп  беру.  Соның  арқасында 
келешекте студенттердің мақсаткерлікпен мамандануына жол ашу.  
      
Осы  талаптарға  қол  жеткізу  үшін  төмендегі  міндеттерді  жүзеге  асыру 
көзделеді: 


19 
 
      
-  уақыт  пен  кеңістік,  қоғамдық  үдерістер  контексінде  студенттерге 
теориялық және практикалық журналистика туралы реалистік мағлұмат беру, 
тарихи  сабақтастық  принципіне  сүйене  отырып  ақпарат  категориясының 
амбиваленттілігін  ұғындыру,  әртүрлі  қоғамдық-саяси  жағдайларда  БАҚ-тың 
қызмет істеу әдістері жөнінде студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыру
     
-  жүйелі  де  мақсатты  таратылған  ақпараттың  қоғамдық  пікірге  әсері, 
журналистік қызметтің ерекшеліктерін нақты сипаттау; 
     
-  журналистік  қызметтің  жалпы  қағидалық-әдіснамалық  және 
объективті-субъективті принциптерінің жұмыс істеу механизмдерін көрсету. 
Сонымен  қатар  біздің  қоғамда  бүгінгі  күні  тең  құқықта  өмір  сүріп  отырған 
ұлттар,  саяси  көзқарастар,  қоғамдық  пікірлердің  заңдылықтарына  әділ  баға 
беру; 
      
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен БАҚ туралы заңның 
аясында студенттерге өз құқықтары мен міндеттерін ұғындыру; 
      
- әртүрлі типтегі баламалы, бәсекелес және коммерциялық басылымдар 
мысалдарына  сүйене  отырып,  «баспасөз  бостандығы»  ұстанымының  жүзеге 
асу үдерісіне шолу жасау; 
      
-  студенттерге  журналистік  мамандықтың  деректі-әдеби  және 
ұйымдастырушылық шығармашылықтың ерекше түрі екенін теориялық және 
практикалық жағынан дәйектеу. 
     «Журналистика негіздері» курсы журналистика қағидасы мен тәжірибесін 
оқытудағы  іргелі  де  көзқарас  қалыптастырушы  ізашар  курс    болғандықтан, 
кейінгі өзекті пәндер мен арнаулы курстар осы орнықты базаға табан тірейді. 
      Студенттер 
аудиториясына 
ұсынылар 
 
теориялық 
және 
методологиялық  пікірлерге  қазақ,  орыс  және  шет  ел  баспасөзіндегі 
ақпараттық, талдамалық материалдар, түрлі-түрлі журналистік мектептердің, 
ғылыми-зерттеу бағыттарының жетістіктері мен үлгілері негіз болады.  
     Пәнді меңгеру барысында студенттер мынадай нәтижеге жетеді:  
     -  журналистика  пәнінің  жаратылыс  әлеміндегі,  қоғамдық  процестердегі 
орны мен ролін нақты ұғынады;  
     -  ұлттық  және  әлемдік  журналистика  теориясындағы  ұғымдар  мен 
категориялар  динамикасын,  журналистика  саласының  басқа  әлеуметтік 
институттармен өзара қарым-қатынасын жыға тани алады; 
     -  қоғамдық  сөз  өнеріндегі  ұлттық мүдде, тарихи  сабақтастық,  ақпараттық 
қауіпсіздік принциптерін санасына сіңіреді
     -  қазіргі  журналистика  функцияларын,  мәтін  стилі  мен  пішінін  талдау 
барысында жалпытеориялық ережелерді сауатты қолдана біледі;  
     -  адамияттық  дүниетанымын,  азаматтық  ұстанымын,  журналистік 
позициясын айқындап, қалыптастыра бастайды;  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет