ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАБИҒАТЫ
Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары
Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары: бейне, дыбыс, сөз,
музыка, монтаж Тележурналистиканың бейнелеуші құралдарын оқыту үшін
ең алдымен, олардың экран тілінің элемпенттері ретіндегі функцияларын
түсіндірген абзал. Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары – бейне,
дыбыс, сөз, музыка экран тілінің негізгі элементтері болып есептеледі. Ал
экран тілінің қосалқы элементтері тележурналистиканың табиғатына тән
ерекшеліктерден келіп туындайды. Тележурналистикадағы бейнелі ақпарат
камераға түсіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да кадр, план, ракурс,
монтаж экран тілінің қосалқы элементтері ретінде роль атқарады. Кадр уақыт
мөлшерін есепке алуға мүмкіндік берсе, план – экрандағы көрініс сипатын
айқындайды, ракурс – бейнелік материалды әр қырынан түсіру тәсілі,
монтаж – түсірілген бейнематериалдарды іріктеу әдісі болып табылады.
Экран тілінің өзіне тән заңдылықтары. Бейнелі ақпараттың дәйектілігі.
Тележурналистикадағы тікелей эфир – экрандағы өмір шындығы. Фактілерді
іріктеу тәсілдері және кәсіби шеберлік.
Достарыңызбен бөлісу: |