87
TPZH 2301-ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА
көлемі 3 кредит
Авторлар:
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Әбдіжәділқызы Ж.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қабылғазина К.
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор, академик
Ысқақ Д.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ошанова О.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Телерадиожурналистика» пәннің мақсаты мен бағыты теледидар және
радио хабарларының әлемдік ақпараттық кеңістікте таралуын, олардың
жұмыс істеу заңдылықтарын, радио және тележурналистиканың ғылыми
түсінігін құру болып табылады.
«Телерадиожурналистика» пәні: студенттерді радио мен теледидардың
теориясы мен тәжірибесінің негізімен таныстырады. Қазақстандағы, ТМД
елдеріндегі радио мен телевизияның заман талабына сай дамуына нақты
талдаулар жасайды. Сондай – ақ, кеңестік замандағы телерадиохабарларын
тарату, хабарларды дайындау ерекшелігімен қатар қазіргі заманғы теле-
радиоарналардың жаңаша жұмыс тәсілдерін теориялық негізде меңгереді.
Пәнді меңгеру барысында студенттер телевизия және радио
саласынындағы журналистер мен редакторлардың тәжірибелерімен
танысады. Телесюжеттер мен радиохабарларды жасауға машықтану, сұқбат
алу, мәтіндерді өңдеу – мұның барлығы телерадиожурналистерді даярлау
барысындағы мамандықты игерудің маңызды кезеңдері болып табылады.
Шығармашылық тұрғыдағы тапсырмалар, соның ішінде телесюжеттер
мен радиохабарлардың жобаларын жасау, сол жобаларға сценарий жазу
теориялық білімін тәжірибелік негізде нақтылай түседі.
Пререквизиттер: «Журналистикаға кіріспе», «Журналистика тарихы»,
«Заманауи бұқаралақ ақпарат құралы».
Достарыңызбен бөлісу: