«5В051100 – маркетинг» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет129/441
Дата30.05.2020
өлшемі1,82 Mb.
#71705
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   441
Байланысты:
tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәнін оқып-игеру «Менеджмент» және 
«Маркетинг»  мамандықтары  бойынша  бакалаврлар  дайындаудың  маңызды 
кезеңі болып табылады. 
Табысты  кәсіпкерлік  қызмет  қызмет  бизнестің  халықаралық  тілі  – 
бухгалтерия заңдарын білуді талап етеді. Экономикалық даму процестері тез 
қарқынмен  дамуда  және  соның  нәтижесінде  қызметті  жүзеге  асырудың 
әртүрлі  аяларында  жаңа  ақпараттарды  алуға  деген  қажеттілік  күн  сайын 
артуда. 
Қазіргі  таңда  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептіліктің  ұйым 
экономикасын  басқарудағы  ролі  кеңеюде.  Бұл  жағдай  есептік  мәліметтерге 
негізделген  инвестициялық  және  басқа  да  басқарушылық  шешімдерін 
қабылдайтын ұйымдар санының көбеюімен байланысты. 
Сонымен  бірге,  ұйымның  қаржылық  жағдайына  тікелей  қаржылық 
қызығушылық  танытатын  және  ортақ  экономикалық  мүдделері  негізінде 
ұйыммен  өзара  іс-әрекеттер  ететін  инвесторлар  мен  кредиторлардың  ролі 
ұлғаюда. 
Ұйым  менеджерлері  мен  маркетологтары  ұйымның  шаруашылық 
ахуалына тез әрі қателіксіз бейімделу, нарықтық жағдайды және оның даму 
беталысын  түсіну  үшін  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  жүйесін 
жақсы білуі керек.  
«Бухгалтерлік  есеп  және  аудит»  пәнінің  мақсаты  -  болашақ 
мамандарға  ұйымдарда  бухгалтерлік  есепті  жүргізу,  қаржылық  есептілікті 
жасау және аудитті ұйымдастыру бойынша кәсіптік білімдерді қалыптастыру 
болып табылады. 

 
Пәннің міндеттері:  
-  бухгалтерлік  есептің  тұжырымдамалары  және  қағидаларымен 
таныстыру;  
- бухгалтерлік балансты құрастыруды үйрету;  
-  жүргізілген  шаруашылық  операцияларын  бухгалтерлік  шоттарда 
көрсетуді қарастыру; 
-  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  активтердің,  міндеттемелер  мен  меншікті 
капиталдың бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды қарастыру;   
- қаржылық есептілікті жасаудың әдістемелік негіздерімен таныстыру; 
- аудит жүргізу әдістемесін үйрету. 
Оқу  пәнінің  объектісі  –  ұйым  қызметін  жүзеге  асыруға  қажетті 
шаруашылық қаражаттары мен оларды қалыптастыру көздері және ұйымның 
қаржы-шаруашылық  қызметтерін  жүзеге  асыру  барысында  пайда  болатын 
шаруашылық процестері мен операциялары болып табылады. 
Пәнді зерттеу әдістері. «Бухгалтерлік есеп және аудит» курсын оқыту 
және  студенттердің  оны  игеруі  барысында  мынандай  негізгі  әдістер 
қолданылады: 
-  хронологиялық және жүйелілік бақылау; 


70 
 
-  шаруашылық қаражаттары мен процестерін өлшеу; 
-  мәліметтерді жүйелеу мақсатымен оларды тіркеу және жіктеу; 
-  есептіліктерді жасау мақсатымен ақпараттарды жалпылау. 
Пәннің  статусы  мен  құрылымы,  басқа  пәндердің  арасында  алатын 
рөлі  мен  орны.  Бухгалтерлік  есеп  және  аудит  пәні  ұйымда  жүргізілген 
шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жинақтау, тіркеу, жалпылау 
және аудит жүргізу мәселесін кешенді зерттеуді қамтамасыз етеді.  
Курстың  құрылымы  пәннің  мазмұнын  ашып  көрсететін  екі  бөлімнен 
тұрады,  бірінші  бөлімде  бухгалтерлік  есеп  негіздерін,  екінші  бөлімде 
аудиттің мәнін ашып көрсететін тақырыптар қарастырылған. 
Бухгалтерлік  есептің  басқа  пәндер  арасындағы  орны  оның  пәні  мен 
қызметтеріне  байланысты.  Экономиканың  негіздері  мен  экономикадағы 
математика,  статистика пәндерімен  тығыз байланысты. Ол, бір жағынан бұл 
пәндердің  әдістемелік  жағынан  маңызды  нәтижелерін  қорытындылайды, 
басқа  жағынан  алғанда,  оларға  әдістемелік  негіздемелер  жасай  отырып, 
арнайы  ғылыми  білімнің  осы  салаларына    олар  ұсынған  өзекті  міндеттерді 
рационалды  түрде  түсінуге  және  бұл  міндеттерді  шешудің  негізгі 
стратегиялары мен шешу әдістерін анықтауға көмектеседі. 
Пәннің  негізгі  кезеңдерін  қамтитын  қысқаша  тарихи  даму  очеркі. 
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және 
қоғамда  алатын  өз  орны  бар  екендігі  белгілі.  Солардың  ішінде  басқа 
салалардан  өзінің  ерекшелігімен  оқшауланатын  бухгалтерлік  есеп  саласы 
бұдан  бірнеше  жүздеген  жылдар  бұрын  пайда  болып,  күнделікті  өмірде 
қолданылуы  барысында  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына 
қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.  
Бухгалтерлік  есеп  ұйымның  қаржылық  ақпараттарын  өлшейтін, 
өңдейтін,  есептейтін  және  оны  пайдаланушылардың  қолдануына  ыңғайлы 
етіп  жеткізіп  беріп  отыратын  жүйе  болып  табылады.  Бухгалтерлік  есеп 
басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді.  
Жалпы,  бухгалтерлік  есеп  ұйымға  оның  қаржылық  жағдайын 
жоспарлау,  бағалау,  бақылау  және  талдау  секілді  қызметтерді  орындауды 
үшін  қажет.  Сонымен  қатар  бухгалтерлік  есеп  ұйымның  активтері  мен 
міндеттемелері,  капиталы  және  өндірілген  өімдері  мен  олардың 
сатылғандығы  туралы  ақпараттарды  жинақтап  көрсетеді.  Тек  қана 
бухгалтерлік  есеп  арқылы  ұйымның  кірістері  мен  шығыстарын  және 
шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   441




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет