Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы. Мемлекеттік несиенің
функциялары. Несиелік әдістермен халықтың, шаруашылық органдардың
қаражаттарын жұмылдырудың ауқымына әсер етуші факторлар. Ақша
айналысының жай – күйіне мемлекеттік несиенің әсері.
Мемлекеттік несиенің негізгі түрлері, нысандары және әдістері.
Қарыздар, оның сыныптамасы және мемлекеттің қажеттіліктерін
қаржыландырудағы тиімділігі. Мемлекеттік бағалы қағаздар, оның түрлері
және сипаттамасы. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы
рыногында оларды орналастыру мәселелері. Жергілікті атқарушы
органдардың қарыз алулары.
Халықаралық мемлекеттік несие, оның нысандары. Мемлекеттік
борыш ұғымы, оның түрлері. Мемлекеттік борышты басқару. Сыртқы
мемлекеттік борыш. ҚР-ның мемлекеттік борышы құрылымының
ерекшеліктері. Мемлекеттік қарыздар параметрлерін заңнамалық реттеу.
Экономикалық және саяси тұрғыларды қарыздар мәселесі.