12
- болашақ маркетолог маманының жеке шығармашылық қасиеттерін
қалыптастырады;
- өзін-өзі дамыту, өз бетінше білім қорын жинау дағдысын
жетілдіреді;
- мәселені тұжырымдай алу, оның шешу жолдарын талдау, тиімді
нәтиже шығару, оның дұрыстығын дәлелдеу дағдысын қалыптастырады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
1. Тіл және оның негізгі ерекшеліктері. Әлем тілдері. Тілдің түрлері:
ауызша, жазбаша, монологикалық, диалогикалық, активті, ішкі және сыртқы.
2. Өзіндік монолог құру (ауызша, жазбаша). Маркетинг мамандығына
сәйкес
сипаттау, хабарлау мәтіндерін даярлау.
3. Ауызша баяндама, тақырыпқа байланысты эссе жазу: «Менің
саламның ғылыми тілі», «Көрнекті ғалымдар - ... », «Ғылым саласындағы
жетістіктер»,«Сала тілінің өзіндік ерекшеліктері», «20-21 ғасырлардағы сала
терминдердің дамуы мен қалыптасуы».
4. Маркетинг мамандығы тақырыбына сәйкес белгілі-бір тақырыпқа
құрылымдық-мағыналық талдау жасау.
5. Ғылыми салада дәйексөз келтіру. Дәйексөздерді рәсімдеу ережелері.
6. Ғылыми мәтіннің құрылымдық ерекшелігі. Тақырыптың мәнін ашуға
арналған жоспар. Мәтіннің қысқаша мәнін ашуға арналған жоспар. Конспект
жасау.
7. Дәрісті конспектілеу – шығармашылық үдеріс.
8. Маркетинг мамандығына сәйкес мәтінге түйіндеме жасау.
9.
Маркетинг мамандығына сәйкес тақырыпқа реферат жасау:
рефератты презентациялау, таңдалған тақырыпты рефераттау-сипаттау.
10. Кәсіби қазақ тіліндегі «Маркетинг» мамандығының негізгі
категориялы-түсіндірмелі аппараты
11. Маркетингтің теориялық негіздерін оқу үшін қазақ тіліндегі кәсіби
терминология
12. Арнайы кәсіби-бағдарланған материал және оны берілген кәсіби
жағдайларда
пайдалану
13. Кәсіби қазақ тілінің мамандық пәндерімен байланысы
14. Маркетинг саласындағы кәсіби қазақ тілінің өзгеруі мен жіктелуі
15. Жаңа өркениеттегі маркетологтың ғылыми-зерттеушілік қызметтегі
құзыреттілігі және қазақша мәтіндердегі бағдарланғандығы.
Достарыңызбен бөлісу: