Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
Корпоративтік деңгейдегі маркетингтік басқару Фирманың
нарықтық
қызметіндегі
стратегияны
талдаудағы
қалыптасқан көзқарастар. Олардың сипаттық түрлері, артықшылықтары
мен кемшіліктері. Рыноктағы фирманың мінез-құлқы стратегиясын
жасаудың негізгі әдістері. Ірі, орта және шағын фирмаларды дамыту
стратегияларын таңдау ерекшеліктері.
Базистік (эталонды) стратегиялар және фирманы өсіру мен дамытуға
төрт көзқарас. Шоғырландырылған өсу стратегиясы. Интегралдандырып
өсу стратегиясы. Диверсификацияландырылған өсу стратегиясы. Қысқарту
стратегиясы.
Фирманың бәсекелестік стратегиялары. Шабуыл стратегиялары.
Қарсыластың күшті жақтарына шабуыл. Қарсыластардың осал жақтарын
пайдалану. Кең көлемді шабуыл.
Аралас стратегиялар. Бос аумақтарды жаулап алу стратегиялары.
«Құпиялы соғыс» стратегиялары. Соққыларды белсенді залалсыздандыру
стратегиясы. Бәсекелестік артықшылықтарды сақтау стратегиясы.
Диверсификация
стратегиясы.
Диверсификацияны
бағалау
критерилері. Ұқсас салаға, бизнестің жаңа салаларына, бизнестің ұқсас
емес салаларына диверсификациялау стратегиялары.
Бизнестің орын алу стратегиялары. Оларды таңдауға әсер ететін
факторлар. Рыноктың көшбасшысы. Екінші рөлдегі фирмалар. Тікелей
бәсекелестіктен қашатын фирмалар. Дағдарыс жағдайлардың себептері
және оларды жою жолдары.
Фирманың корпоративті стратегияларын таңдау. СВОТ-талдау
әдісінің маңызы. Саланың жағдайы және фирманың саладағы орны. Фирма
мақсаттары. Фирма басшыларының мүдделері мен олардың қарым-
қатынасы. Қаржы ресурстары. Жұмысшылардың біліктілігі. Рынок
қызметтерінің алдыңғы сатылары бойынша фирманың міндеттемелері.
Рыноктық ортаға тәуелділік дәрежесі. Мерзімдік фактор. Стратегияларды
бағалау.