Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
Бухгалтерлік баланс және баланстық теңдеу. Бухгалтерлік баланс, оның мәні және маңыздылығы. Бухгалтерлік
баланстың құрылымы (бөлімдері): қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді
активтер, қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер,
капитал. Баланс баптарына сипаттама. Негізгі баланстық теңдеу. Баланстың
түрлері. Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік
өзгерістер.
Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу. Бухгалтерлік шоттар түсінігі, олардың құрылысы, мазмұны және
түрлері. Активті және пассивті шоттардың құрылымы. Синтетикалық
(жинақтамалы) және аналитикалық (талдамалы) есеп шоттары, олардың
өзара байланыстары. Баланстан тыс шоттар. Бухгалтерлік есеп шоттарының
үлгілік
(типтік)
жоспары.
Екі
жақты
жазу
жүйесі.
Шоттар
корреспонденциясы. Жай және күрделі бухгалтерлік жазбалар.