Қосымша:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)
(2016.26.07. берілген өзгерістер және толықтырулармен)
2. Акционерлік қоғамдар туралыҚазақстан Республикасының 2003
жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы
3. Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы
4. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі
N 220 Заңы
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
76
(Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы
N 99-IV Кодексі
6. Проcкуринa В.П. Бухгaлтерлік проводкaлaр.Aлмaты 2011. «LEM»
бacпacы
7. Абленов Д.О.Основы аудита
:
Учебник. 2-е изд., перераб. и доп.-
Алматы: Фолиант, 2015, 350 с
8. Бухгалтерскийучетиаудит: учебноепособие / А.С. Садиева, А.Е.
Шахарова, Г.М. Сагиндыкова. - Алматы: ТОО "ИздательствоLEM", 2016, 364
с.
9. Практический аудит. Учебное пособие.- Астана. Издательство
КазУЭФМТ, 2012. -180 с.
13. Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Д.Э. Бухгалтерский учет в
организациях. Учебное пособие. Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2015,
432 с.
10. Интернет ресурстар:
minfin.gov.kz
,
uchet.kz
,
buh.kz
77
Fin 2208 – ҚАРЖЫ
Көлемі 2 кредит
Авторлар:
Ермекбаева Б.Ж. – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы
Арзаева М.Ж. – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент,
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
Мустафина А.К. – «Қаржы» кафедрасының аға оқытушы
Пікір жазғандар:
Омарбакиев А.Л.- экономика ғылымдарының докторы, «Тұран»
Университеті
Сагиева Р.К. – экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасының
профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Қаржы» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің бірі –
базалық және арнаулы оқу пәні болып табылады. Курстың мақсаты – қаржы
категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын,
әлеуметтік - экономикалық үдерістегі маңызы мен орнын игеруде
студенттердің теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз ету.
«Экономикалық қағида» пәні тұжырымдылық тұрғыда қаржының негізі
болып табылады, оның критерийлері мен қағидаттарын анықтайды, ал қаржы
оның жалғасы, қаржы ғылымының пәні болып келетін қаржылық
қатынастардың айрықшылықтары сферасында нақтылануы болып табылады.
«Қаржы» курсы кейінгі пәндерді зерделеудің таныстырма және алдын
ораушы пән болып табылады, оларға «Мемлекеттік бюджет», «Салықтар
және салық салу», «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті»,
«Инвестицияны несиелендіру және қаржыландыру», «Қаржылық бақылау
және аудит» және ЖОО оқу жоспарына енгізілген басқа пәндер жатады.
Курста қаржының негізгі тұрғылары берілген: теориялық
негіздері, ұйымдастыру нысандары, онын практикалық қолданымы.
Қаржыны әр түрлі тұрғылардан зерттеу студенттерге бұл экономикалық
категорияның мәнін мазмұнын, ұдайы өндірістік үдерістер мен қоғамның
әлеуметтік – экономикалық дамуының рөлі мен маңызын игеруге мүмкіндік
береді.,
Курсты зерделеу экономика мен қаржыларда рыноктық негіздерді
қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді
пайдалану қажет етеді, сондықтан рыноктық экономиканың дамуынан және
жетілдіруінен болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет.
Бұл үшін курсты оқыту кезінде студенттердің жеке – дара жұмысы, олардың
78
курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа
ғылыми – практикалық іс – шараларға баяндамалар даярлап, қатысуы
қарастырылды.
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
«Қаржы» пәнін оқу нәтижесінде студенттер мына құзыреттіліктерге ие
болуы тиіс:
Жасай білу:
-
Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымын талдау;
-
Мемлекеттің қаржы және салық саясатның экономикаға әсерін
бағалай білу;
-
Қоғамдық немесе аралас игіліктердің нарығында тепе-теңдікке
жету шарттарын анықтай білу;
-
Кәсіпорындағы дамудың қаржылық жоспарларын құру мен
талдау.
Білу:
-
Ұйымдар мен мемлекеттегі түрлі тенденциялардың өзгерісін
және ҚР-ның және әлемдік экономиканың дамуындағы макроэкономикалық
факторларды талдауға;
-
Курстық және бітіру бойынша біліктілік жұмысы мен
практикадан өту процесінде өзіндік талдау жасау.
Пререквизиттер:экономика қағидалары, ақша, несие, банктер
Постреквизиттер:банк жүесі, салық және салық салу, сақтандыру
үйымдары
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
Тақырыптар атауы
1 Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі
2 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін ұйымдастыру
3 Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтандыру эволюциясы
4 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
5 Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары
6 Салық және салық салу
7 Мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлар
8 Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш
9 Сақтандыру
10 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу, формалары мен әдістері
11 Қаржы нарығы
12 Қаржы және инфляция
79
ПӘН МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Қаржы» пәнін оқып-игеру экономикалық мамандықтар бойынша
бакалаврлар дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады.
Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары,
оның басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті мен
шаруашылық
өмірде
көріну
ерекшеліктері
қаралады,
қаржылық
қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет
механизмі, қалыптасып отырған рыноктық экономиканы реттеуде қаржы
және онын құралдарын пайдалану мүмкіндіктері келтірілген. Қаржыны
зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді,
ұғымдарды, басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерде олардың іс - әрекеті
мен өзара байланысының қағидаттарын анықтау, топтастыру және сыныптау
болып табылды. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар,
шығыстар, резервтер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие, мемлекеттік
борыш, сақтандыру; функциялық жүйелер – қаржылық жоспарлау мен
болжау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы.
Курста түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында
және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында, қаржының іс-
әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берілген.
Пәнді оқытудың мақсаты:Қаржылық категорияларды, ұғымдарды,
терминдер мен олардың классификациясын және әлеуметтік-экономикалық
үрдістердегі орны мен маңызын ұғынудағы студенттердің теориялық және
практикалық дайындығын қаматмасыз ету. Сонымен қатар, қаржылардың
ұйымдастырылу
нысандары
мен
оларды
әлеуметтік-экономикалық
үрдістерде қолдану әдістерін үйренуге қол жеткізу.
Пәннің міндеттері:
-
қаржының және оның субкатегорияларының қызмет етуінің
кешенді теориялық түсінігін алу және нарықтық ортада іс-бірлігі мен алуан
қызметін көрсету.
-
қаржылық жүйенің элементтеренің қызмет етуін спецификалық
негізін және қазіргі заманғы интерпритациясынның көрінсін табу.
-
мемлекеттің экономикалық саясатының Қазақстанның дамушы
нарықтық экономика жағдайында зерттелген құбылыстар мен процестердің
бейімделу мүмкіндіктерін, қайшылықтарды, оң және теріс жақтарын
анықтау.
-
нақты экономикалық жағдайларда қаржылық тетігін құралдарын
пайдалану мүмкіндігі үшін аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту.
-
тәжірибеде осы пәнді зерделеу барысында алынған теориялық
білімді қолдану.
-
негізігі қаржылық көрсеткіштерді есептеу.
Қаржының табиғатын, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделеу,
қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда категориялар механизмін колдану,
қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-
80
әрекетін және қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының нақтылы
жағдайларында оларды қолдаудың әдістерін түсінуге жету.
Оқу пәнінің объектісіболып қалыптастыру, бөлу және қаржы
құралдары қорларын пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастардың
жүйесі табылады.
Пәнді зерттеу әдістері. Курсы оқыту барысында әдістердің 2 тобы
пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдістердің ең маңыздысы – тарихи және
диалектілік материализм, оның негізінде барлығы белгілі бір байланыста,
қарым-қатынаста және қарама-қайшылықтар күресі мен бірлікте жатыр. Ал,
жеке әдістер – экономикалық құбылыстар мен үрдістерді талдаудағы
қолданылатын әдістер болып саналады. Олардың арасында кең тарағаны: -
бақылау, талданатын құбылыстар мен үрдістерді тікелей қабылдау,
салыстыру, эксперимент, анкета жүргізу, анализ, синтез, индукция мен
дедукция, жүйелік бағыт, т.б.
Пәннің статусы мен құрылымы, басқа пәндердің арасында алатын
рөлі мен орны. Экономикалық мамандықтар үшін оқу материалын теориялық
негізіне түсінуіне назар аударады, қаржы ұғымының ақшалай көрінісі
арқылы көрстеді, және ұдайы өндірісті қаржыландыруды қамтамасыз ету
ерекшеліктері, әлеуметтiк қайта өндіру процесін қамтамасыз етуде белсенді
түрде қатысатының білдіреді.
«Қаржы» басқа пәндер арасындағы орны оның пәні мен қызметтеріне
байланысты. Экономикалық білімді жақсарту үшін көзделген негіздер:
жүйенің тұтастығын; нормативтік талаптартардың мазмұны мен сапасы
біркеліктігі; икемділігі мен көп деңгейлігі; диверсификация, басқарудағы
демократизм; ғылым және білімінің интеграциясы; меншік және
қаржыландыру көздерінің нысандарын алуан түрлілігі
«Қаржы» пәнін оқудың негізінде студент пәнді оқуда алған теориялық
білімін практикада қолдануды үйренуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |