Пікір сұрау жүргізу
Пікір сұрау жүргізу түсінігі. Респонденттерден пікір сұрау жүргізу
кезіндегі ақпараттарды жинау тәсілдері. Пікір сұрау жүргізудің
артықшылықтары мен кемшіліктері.
Пікір сұрау жүргізу нысандарының жіктелуі. Пікір сұрау жүргізу
әдістерінің жіктелуі: телефон арқылы, жеке, пошталық және электрондық.
Пікір сұрау жүргізу әдісін таңдау факторлары. Пікір сұрау жүргізу
әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сауалнаманы әзірлеу үрдісі. Сауалнама және оның құрылымы
(кіріспелік, негізгі және реквизиттік бөлімдер). Сауалнаманы әзірлеудің
кезеңдері: қажетті ақпаратты анықтау, пікір сұрау жүргізу әдісін таңдау,
нақты сұрақтар мазмұнын анықтау, сұрақтарды, респонденттің жауап
беруіне мүмкін емес және бас тартатын сұрақтардың болмауындай құру,
сұрақтардың құрылымын анықтау (ашық, жабық, тікелей және жанама
сұрақтар; құрылымдық және құрылымдық емес сұрақтар, олардың
артықшылықтары мен кемшіліктері), әрбір сұрақтың сөздік құрамын
анықтау, сұрақтардың тізбектілігін анықтау (сұрақтардың орналасу
стратегиялары: туннельдік және воронка тәріздес), сауалнаманың нысаны
мен орналасуын анықтау, сынама пікір сұрау жүргізу (іріктеме мақсаты
және көлемі).
Достарыңызбен бөлісу: |